1 ШІЛДЕДЕН БАСТАП ХҚКО-ЛАРДАН ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ТӨЛҚҰЖАТҚА БАЛАЛАРДЫҢ СУРЕТІН ЖАПСЫРУҒА БОЛАДЫ

ҚазАқпарат — Бүгіннен бастап шетелге шығатын ата-аналар 16 жасқа толмаған балаларының суреттерін төлқұжаттарына жапсыру бойынша мемлекеттік қызметті Халыққа қызмет көрсету орталықтарынан ала алады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасаған Kazgazeta.kz. 

«Азаматтарға арналған Үкімет» мемлекеттік корпорациясының хабарлауынша, осыған байланысты көші-қон қызметі қызметтерін алғысы келген Қазақстан азаматтары Халыққа қызмет көрсету орталықтарына жүгінулері қажет. Ол үшін ата-аналар өздерімен бірге балаларының 3,5х4,5 см суретін, туу туралы куәлігінің түпнұқасын және өздерінің төлқұжаттарын алып келуі тиіс. Бұл ретте 227 теңге мөлшерінде баж салығы төленеді. Төлемді ХҚКО-ларда жүзеге асыруға болады.

 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.