Еламан Ерғалиев «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы атанды

Қызылордалық 22 жастағы балуан, Әскер барысы Еламан Ерғалиев Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен жетінші республикалық «Қазақстан Барысы» турнирінің жеңімпазы атанды.

 Алматы облысының балуаны, тұңғыш «Қазақстан Барысы» Ұлан Рысқұл күміс белбеуді иеленді. Ал үшінші орын шығысқазақстандық Айбек Нұғымаровқа бұйырды.

Астана қаласындағы «Барыс арена» сарайында басталған додаға еліміздің нағыз «сен тұр, мен атайын» сайыпқырандары қатысты.

Бұған дейін жарыстың үш кезеңі өткен болатын: ауылдық, аудандық, облыстық. Соңғы финалдық кезеңде 34 палуан өнер көрсетті.

ЭКСПО-2017 көрмесі аясында өткен бәсекенің чемпионы 25 миллион, ал оның бапкері 3,5 миллион теңге алды. Сондай-ақ арнайы белбеу мен «Тайтұяқ» табыс етілді. Екінші орынға 5,5 миллион, үшінші орынға 1 миллион 800 мың теңге берілді.

«Қазақстан» ұлттық арнасы мен «Қазспорт» телеарнасы бәсекені бастан-аяқ тікелей эфирден көрсетті.

Айта кетейік, тамыз айында палуандар «Әлем Барысы» халықаралық турнирінде тағы бір рет күш сынасады.

Дереккөз:BAQ.KZ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.