Сара Назарбаева «Өзін-өзі тану» пәнін ЖОО-на да енгізгісі келетінін айтты

Биыл Алматыда орналасқан «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру орталығының ашылғанына 20 жыл толды. Табысты еңбек етіп келе жатқан білім беретін орданы мерейтоймен құттықтауға «Бөбек» қорының президенті Сара Назарбаева арнайы келді. Сондай-ақ мерейтой аясында 5-ші республикалық кеңес кезінде рухани-адамгершілік даму мәселелерінің қоғамдық форумы өтті. Шара аясында өскелең ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселелері талқыланды. Оған еліміздің жоғарғы оқу орындарының ректорлары, оқытушылар мен білім беру басқармаларының басшылары  және ұстаздар қауымы қатысты. Қазір көп салалы орталықта «Бөбек» ұлттық орталығында «Өзін-өзі тану» балалар бақшасы, «Өзін-өзі тану» гимназиясы, «Өзін-өзі тану» гуманитарлық колледжі және обсерватория бар. Ұлттық мекеменің басты мақсаты — балаларды адамгершілік құндылықтармен сусындыра отырып, оларды шынайылыққа, сүйіспеншілікке, адалдыққа тәрбиелеу болып отыр. Форум аясында Сара Назарбаева «Өзін-өзі тану» пәнін жоғарғы оқу орындарына да енгізгісі келетінін айтты.

«Қазақстанда «Өзін-өзі тану» бағдарламасының сәтті жүзеге асып келе жатқанына 20 жылға жуықтады. Адамның қолынан келмейтін дүние жоқ. Жалпы бұл бағдарлама арқылы жастардың адамгершілігі мол, рухани тұрғыда таза болуы үшін жасалды. Осы арқылы адамның бойындағы ең жақсы, жарқын және таза қасиетті молайтуды көздейміз. Қадамымыз сәтті жүзеге асып жатыр. Орталық соның айқын көрінісі», — деді «БӨбек» қайырымдылық қорының президенті Сара НАЗАРБАЕВА.

«Бөбек» орталығы және өзін-өзі тану рухани адамгершілік білім беру бағдарламаларының құрылғанан бері осы біздің республикамызда өте үлкен істер бере алды деуге болады. Осының арқасында тәрбиені жүзеге қоя білдік. Сонымен бірге арнайы құрылған оқу бағдарламасы осы мектепке дейінгейден жоғары деңгейге дейін біздің жастарымызға өзіңіз айтқан ойларды, саналарды жеткізуге мүмкіндік беріп отыр», — деді Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир БАЛЫҚБАЕВ.

almaty.tv

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.