Сәбила Мұстафина Ортсайлауком хатшысы болып сайланды

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы сайланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме  жасап  Kazgazeta.kz.

ОСК баспасөз қызметінің хабарлауынша, 18 шілдеде Ортсайлауком отырысында комиссия мүшесі Сәбила Сапарқызы Мұстафина ротация тәртібімен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы болып сайланды.

2017 жылғы 15 маусымда «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының 11 бабының 2-тармағына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Осыған сәйкес Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы ОСК отырысында сайланады.

Айта кетерлігі, бұған дейін 10 жыл бойы Ортсайлауком хатшысы болған Бақыт Мелдешов комиссиядағы қызметін ОСК мүшесі ретінде жалғастыра береді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.