Изен қандай шөп?

Изен – боз отқа жататын шөп түрі. Жапырақтары жіңіш­ке, сабағы қызғылт, гүлдері солғын жасыл түсті болып келеді.
Ауыл шаруашылығына маңызы бар шөптесін өсімдік. Изен негізінен құмды, құмдауыт немесе сортаңды жерлерде өседі. Бұл шөпті қой күз бен қыс мезгілінде сүйсіне жейді. Саулық малдың жақсы июіне септігі мол.
Изеннің емдік қасиеті де халық арасында кең тараған. Күз түсе сабақтарын орып, кептіріп алады. Әлжуаз туған төлдерге, арықтаған малға қайнатындысын ішкізсе, тәбетін ашады. Ал изеннің жас өскіндерін жинап, сыпырғыш жасалады. Отын ретінде де жағуға болады. Өзіне тән түр-түсімен, өзгеше иісімен қазақ халқы изенді туған жердің бір белгісіндей санайды.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.