Үш миллионыншы мейман тіркелді

Елорда төрінде өтіп жатқан халықаралық «ЭКСПО – 2017» көрмесін тамашалауға ынталы жандар күн өткен сайын арта түсуде. Соның бір дәлеліндей, жуырда көрмеге келуші 3 миллионыншы мейман тіркелгені мәлім болды.

Бұл көрсеткіш 25 тамыз күні сағат 12-ден 38 минут өткенде тіркелді. Үш миллионыншы мейман Юрий Шурыгин есімді азамат болып шықты. Өзі Мәскеуден «Еуразия апталығы» аясында өтіп жатқан іс-шараларға қатысу үшін келген екен. ЭКСПО табалдырығын аттаған бойда оған күтпеген сый жасалды. Алдымен, Медиаорталықта БАҚ өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, журналистердің қойған сауалдарына жауап берді.
Белгілі болғандай, ол ЭКСПО-ның үш миллионыншы қонағы болып тіркелмей тұрып, бір күн бұрын қалашықты аралаған болып шықты. «Маған «Нұр әлем» павильоны қатты ұнады. Ал бүгін жұмыс кестем тығыз болса да, ­Ресей павильонын аралау үшін әдейі келген едім» деген ол ЭКСПО көрмесінің Ресейдің Екатеринбург қаласында 2025 жылы ұйымдастырылуы мүмкін екенін, мұндай көрме жақсы әсер сыйлайтынын айтып өтті. Ал «Астана ­ЭКСПО – 2017» ҰК» АҚ төрағасы Ахметжан Есімов құрметті қонақты құттықтап, оған естелік сыйлықтар тарту етті. Төраға көрмеге келушілердің саны күн санап өсіп келе жатқанын мәлімдеді. Келушілердің 15 пайызының шетелдік қонақтар екенін, ал шетелдіктердің арасында ресейлік қонақтардың үлес саны көп екенін айтты.

Айтуған ДӘУЛЕТ
АСТАНА

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

2 Пікір

  1. Зағипа

    ЭКСПО жоғары деңгейде өтіп жатыр. Еліміздің мерейі үстем, Астанамыздың атағы жер жаруда. Біз осы жетістіктерге қуанамыз, марқаямыз. Әрдайым осылай болсын.

  2. Арнұр

    Ресейлік қонақ қуанып қалған шығар, күтпеген тосынсыйға… Біз тосынсый жасап, қонақ күтуді өзгелерден жақсы білетін халықпыз.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.