Саяхатшының жаңа туындысы

Жуырда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапха­на­сының Көрме залында белгілі жазушы-саяхатшы Исмаилжан Иминовтың «Арал: жоғалған теңізді іздеуде» атты жаңа кітабының тұсаукесері өтті.

Шараға зиялы қауым өкілдері, қоғам және мәдениет қайраткерлері, кітапхана қызметкерлері, журналис­тер қатысты. Жиынды құттықтау сөзімен ашқан Аралды құтқару Халықаралық Қоры атқарушы дирекциясының директоры Болат Бекнияз туындының мән-маңызына тоқталып өтті. Шара барысында С.Елемесова, Ж.Айтхожин, Ш.Надыров, Р.Терлікбаев А.Бейсеуов және т.б. азаматтар өз ойларымен бөлісті. Сөз сөйлегендер кітаптың өзекті мәселеге арналғанын жеткізді. Қаламгер Исмаилжан Иминов өз сөзінде туындының жазылу тарихы туралы әңгімелеп берді.
Айта кетейік, кітап Qazaq Geography-дың Арал өңірі мен Кіші Арал теңізінің жағалауларына ұйым­дастырылған «Ұлытау-Арал» ғылыми-танымдық экспедицияның нәти­жесі болып табылады. Экспедиция мүшелері Астана, Жезқазған, Қоскөл, Қаратерең, Арал-Асар қалашығы, Барсакелмес қорығы, Қазалы, Жусалы тәрізді бағыттар бойынша жүріп өтті. Туынды Қазақ ұлттық географиялық қоғамы мен Қазақстан Республикасындағы Аралды құтқару Халықаралық Қорының атқарушы дирекциясының қолдауымен жарық көрген еңбекте автордың жеке, шынайы әсерлері негізінде жазылған жолжазбалар мен Арал өңірінің тарихы, географиясы мен мәдениеті туралы танымдық дүниелер қамтылған.

Дәукен Жұматұлы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

2 Пікір

  1. Камал

    Өзекті мәселені арқау еткен кітаптың оқырманы көп болары даусыз.

  2. PogoEpilk

    Тем, у кого повышенное давление, не нужно повествовать, какие головные боли доводится переносить. Плюс отечность, зависимость от изменений погоды. Заниматься либо обучаться в таком состоянии – просто кошмар. За спасение от монстра по фамилии «гипертония» позволено отдать все на свете.
    Таблетки по рекомендациям не могут помочь, а медики говорят – пробуйте, что-то поможет. Но этот препарат действует совершенно на любого, не зависимо от возраста и веса. У нас его пьет и бабушка, и брат. Действительно действует и помогает! Голова светлая и не болит.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.