Кітап – білім бұлағы

Кітап – байлық, қазына дейміз. Бұған ешқандай шүбә келтіруге болмайды.
Қазір заман басқа. Технология қарыштап даму үстінде. Компьютерлендіру кең қанат жайған. Ғаламтор қызықтарына кенеліп жатырмыз. Әлеуметтік желілер әлемді құрсап алған.
Дегенмен, осындай өзгерістерге қарамастан кітаптың құны түсті деп айта алмаймыз. Ол қандай заманда да мәнін жоймауы тиіс. Кітап – ізгілікке, жақсылыққа бастайтын жол. Кітап арқылы сана-сезіміңді түзейсің. Жақсы-жаманды айырасың. Өмірді, қала берді өзіңді түсінесің.
Ашығын айтқанымыз жөн, асылымыз, жауһарымыз – кітапты оқырман қолына жеткізуде қордаланып қалған мәселелер бар. «Кітап өтпейді» деген жай сөз. Кітап баратын жеріне жетпей жатыр. Кітап саудасы дұрыс жолға қойылмаған. Көз үйренген жүйе жоқ. Бұл маңызды іске көңіл бөлетін уақыт келді.
Кітап қашанда саналы да сергек азаматтың сырласы, жан серігі болып қала береді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

2 Пікір

  1. Ринат

    Қазір кітап оқымайтын заман болды ғой. Планшет, телефон, интернет заманы…

  2. Жадыра

    Ендеше, жоғарыдағы олқылықтарды жою арқылы, кітап оқитын оқырмандар қатарын көбейтуге күш салу керек шығар.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.