Алматы қаласында мектеп оқушыларының арасында роботты техникаға арналған жарыс өтті

Алматы қаласы мен Алматы облысының орта мектептерінің роботты техникасы бойынша 15 үздік мектеп командалары чемпион атағын иеленуге күресу және білім мен дағдылармен алмасу үшін ойын алаңында кездесті. Іс-шара «Шеврон» компаниясының қаржылық қолдауымен және Ақпараттық технологиялардың халықаралық университетінің (ХАТУ) күш салуының арқасында мүмкін болды.

ІІІ-ші чемпионаттың тақырыбын ұйымдастырушылар «Жасыл Планета» деп атады, бұл қазіргі таңдағы ең өзекті тақырып, ғаламшарымыздағы табиғатты сақтау болып табылады. Осы тақырып жарыстың форматын анықтады: 6 айдың ішінде 15 мектеп екі роботты әзірледі, олар шектеулі уақыт аралығында ойын алаңында нақты бір пәрмендердің жинағын орындайды, атап айтқанда, роботтар бұтақтар мен ағаштарды отырғызады, сол арқылы біздің ғаламшарды көгалдандырады, ал ең соңында Айға ағаштардың көшеттерін жібере отырып, оның климаттық жағдайын өзгертеді. Жарыстарға қатысу кезінде оқушылар және олардың жетекшілері механика, электроника, бағдарламалау саласында және басқа ұқсас пәндерде білімдерін қолданып көрді.

            ҚР Білім және ғылым министрінің кеңесшісі Тайкенова Майраштың айтуынша «қазіргі таңда, еліміз ой-сананы жаңғыртуға, 3.0. жаңғыртуға қарай бағыт алған кезде, балаларды кішкентай кезінен бастап инновациялық технологияларға дайындау өте маңызды болып табылады. Роботты құру — бұл бастауыш сыныптардан бастап, ерте жастан бастап балалардың құрастырумен айналыса алатын саласы. «Шеврон» компаниясының арқасында, мұндай жарыстарды жүргізу қалалық деңгейде мүмкін болды және дәл роботты құру, құрастыру бүгінгі таңда балаларға қажетті инновациялық дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді, ол ересектердің мамандықтар әлеміне дайын болуға мүмкіндік береді». Бүгінгі таңда роботты құрастыру мектептердегі жоғарғы сыныптарды оқытылады, бірақ ұйымдастырушылардың айтуынша, информатиканы, бағдарламалауды және роботты техникасын бастауыш сыныптардан бастап оқыту керек және сол кезде роботтарды құруда сапалы серпіліс болады. Осы жарыстар балалардың әлеуетін көруге, міндеттерді техникалық шешуге, теориялық тұрғыдан оқитын дағдыларды тәжірибе жүзінде қолдануға мүмкіндік береді, сондықтан осы жобаны Қазақстанда масштабтау керек. Сонымен қатар, чемпионаттың жарыс рухы жаңа білімдерді игеруге және жаңа дағдыларды алуға ынталандырады.«№ 166 физика-математикалық лицей» командасының капитаны, 10 «А» сынып оқушысы, Досқалиев Елшат жоба туралы өзінің әсерін білдірді: «Мен «IITU Robocon Games» чемпионатына қатысуға осындай мүмкіндік алғаныма өте қуаныштымын, мұнда роботтар Arduino шағын бақылаушысының тұғырнамасында дайындалуы тиіс. Болашақта мен өзімді «Заттар Ғаламторы» (Internet of Things — IoT) ретіндегі маман ретінде көремін және Arduino бойынша тәжірибелік білімдер маған қажет болады». ХАТУ АҚ «Мехатроника және зияткерлік жүйелері» зертханасының меңгерушісі Кәрімжан Нұрлан «жас ұрпақтардың арасында роботты техникасы жөніндегі жарыстар пәндерді оқытумен, ғылыми жобалардың үйірмелері мен байқауларын ұйымдастырумен қатар, Қазақстанда роботты техникасын дамытудағы өте маңызды бағыт. «IITU Robocon Games» чемпионаты аз уақытта білімнің маңызды бөлігін игеру үшін қатысушыларға жақсы ынта береді, соның нәтижесінде роботты техникасы жөніндегі болашағы бар жас маманды дайындайтын боламыз» деп санайды.

Ол сондай-ақ, LEGO EV3 конструкторымен салыстырғанда, Arduino шағын бақылаушысының күрделі тұғырнамасында осындай жарыстарды өткізу жас шамалары үлкен топтар (12-18 жас) қалаулы деп санайды, себебі құрастыруда, механикада, электроникада және роботтарды бағдарламалауда кең және әмбебап білімдерді береді.

Ұйымдастырушылардың ойынша, чемпионаттың жеңімпаздары 3D принтерлерін, ноутбуктерді және жоғарытехнологиялық роботтарды құрастыруға арналған квадрокоптерлерді, сонымен қатар, IT-индустриясының мамандарының халықаралық деңгейінде мойындалған, білікті мамандарды дайындаудағы көшбасшы позициясына ие Ақпараттық технологиялардың халықаралық университетінде оқуға гранттар мен жеңілдіктерді ұтып алады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.