Жүргізушісіз автобус

Жапонияда алғаш рет жүр­гізушісіз қозғалатын жолаушылар автобусы сыналды. Navia француз компаниясы жасап шығарған көлік қала көшесімен шығып, апатқа ұшырамай жүріп өтті.
Мамандардың айтуынша, мұндай автобус жасанды сана, робот және интернеттің арқасында еш кедергісіз шаһар көшелерімен қатынауға дайын. Алайда Жапониядағы Заңға сәйкес қазір жүргізушісіз автобустарды толық пайдалануға рұқсат етілмеген.
Ал ресми дерекке сүйенсек, биыл жапон билігі жүргізушісіз басқарылатын технология мен экологиялық көліктерді дамытуға 25 миллиард доллар қаржы бөлген. 2030 жылға таман елдегі әр бесінші көлікті жүргізушісіз басқарылатындай ету жоспарланып отыр.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.