«Шынықсаң, шымыр боларсың»

«Шынықсаң, шымыр боларсың» деген сөз салауатты өмір салтын ұстанғандарға дөп айтылған. Елімізде бұқаралық спортты дамытуға ерекше көңіл бөлініп отырғаны белгілі. Әртүрлі жарыстар өткізіліп, спорттық шаралар да көптеп ұйымдастырылуда.

Халық денсаулығының мықты болуы – мемлекетіміздің бәсекеге қабілеттілігін дамытатын негізгі мәселе. Ендеше спортты, салауатты өмір салтын серік ету әр азаматтың жазылмаған парызы дер едік. Әсіресе жеткіншек ұрпақ өкілдерінің спортпен шұғылдануы құптарлық.
Мұны айтып отырған себебіміз, жуырда самбо күресінен жеткіншектер арасында «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының кубогына арналған қалалық ашық чемпионат өткен болатын. Балғын ­палуандар боз кілем үстінде сайыстың көрігін қыздырды. Жанкүйерлер қошеметіне бөленді. Әрқайсысы намысты қолдан бермей, жеңістің ең биік тұғырынан көрінуге тырысып бақты.
Сайыстың ашылу салтанатына құрметті қо­нақтар мен спорт шеберлері қатысты. Шара аясында сөз сөйлеген «Астана» өңірлік қол­басылық әскерлер қолбасшысы генерал-майор Кайдар Қарақұлов самбо әскери-қол­дан­балы өнер екенін айта келе, бүкіл дүниежүзі ­бо­йынша кеңінен қанат жайған спорт түріне «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлер қол­басшылығы да ерекше көңіл бөліп отырғанын тілге тиек етті.
Жарыс қорытындысына сай «Астана» өңірлік қолбасшылық әскерлеріне қарасты 31775 әскери бөлімінің әскери қызметкері Е.Мұқашевтың қызы Мариям Хамзенова үздік деп танылды.

Жамал Сәрсенова

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.