«Ана тілі» аруы – «Таңғы хабар» жүргізушісі

Елімізде өзінің талантымен, кәсіби біліктілігімен көзге түсіп жүрген дарынды жас­тарымыз аз емес. Солардың бірі – «Ана тілі аруы – 2007» байқауының жеңімпазы Раушан Әріп. Жуырда ол белгілі тележүргізуші Нұрсұлтан Құрманмен бірге «Хабар» телеарнасында ашылған «Таңғы хабар» бағдарламасының тізгінін ұстады.

Раушан Әріппен тілдес­ке­німізде бағдарламаны жүргізу­ге кастингтен өтіп, бірнеше үміт­кердің ішінен таңдалғанын айтты. «Мені жүргізушілікке бағымды сынап көруге бағдар­ла­ма­ның басшылық тобы ша­қырды. Олар менің студент кезімдегі «Айбын» әскери-пат­риот­тық бағдарламасын жүр­гізіп, жарты жылдай жинаған тәжі­рибемді ескерген болуы керек» деді.
«Таңғы хабар» ақпараттық-танымдық бағдарламасы кө­рерменге сәуір айынан бастап жол тартты. Тың дүниелерді та­нытып, халықтың жүрегінен орын алып, өнерсүйер қауымды сағын­дырған өнер адамдарын, көрінбей кеткен, елге айтары бар тұлғаларды эфирге ша­қырып, көрермен қауыммен жүздестіруде. Айта кетейік, аталған бағдарлама дүйсенбі мен жұма күндері аралығында таңер­теңгі сағат 8.10-нан 09.00-ға дейін көрсетілуде. Бағдар­ла­маның алғашқы қонақтары дәстүрлі әнші Айгүл Қосанова, көрінбей кеткен әншілер Асқар Жүнісбеков, Бауыржан ­Ибрагимов, «Қазақ аруы – 2018» байқауының жеңімпазы Нәбира Рахымжан болды. «Таңғы хабар» – жан-жақты мағлұмат беретін, таным көкжиегімізді кеңей­тетін, тұшымды ой айтатын бағдарлама. Алдағы уақытта бағдарламаның уақыты ұзара түспек. Аталған бағдарламаны, сонымен қатар танымал пародист Олжас Сыдықбек және журналист Гүлбаршын Заирова да жүргізеді.

Фарида МҰҢАЛҚЫЗЫ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

2 Пікір

  1. Маика

    Жарайсың! Іске сәт!

  2. Жібек

    Қадамың оңынан болсын, Тілектеспіз.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.