Темір мұғалім

Финляндияның Тампер қаласындағы мектепте оқу­шыларға робот сабақ жүр­гізеді. Elias (Элиас) деп атала­тын құл­темір балаларға фин тілін оқытады.
Темір мұғалімнің өзі ағыл­шынша еркін сөйлейді әрі 21 тілді меңгерген. Робот ба­лалардың сұрақтарына жауап беріп, оқуға деген құлшынысын арттыру үшін құ­растырылған. Бірақ Elias әзірге мұғалімдік міндетті толық атқара алмайды. Өйткені сыныптағы тәртіпті қадағалауға күші жетпейді. Дегенмен, мамандардың айтуынша, мектепте құлтемірді пайдалану – сабақ үйретуді тиімді етудің бір жолы.
Фин тілі мұғалімі Риика Колунсарка «Жаңа оқу бағдарламасының мақсаты – балалардың қызығушылығын туғызып, сабаққа деген құлшынысын арттыру. Құлтемірді қолдану сыныптағы сабақты түрлендірудің тың жолы. Менің ойымша, роботтар мен бағдарламалау сабақ үйретуде жаңа тәсілдерді дамытуға септігін тигізеді» дейді.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.