Болашаққа қамқорлық – бүгіннен

М.Горький тілімен айтқанда «шығыстың Пушкині», заманымыздың ұлы ақыны Мағжан Жұмабаев осыдан бір ғасырға жуық уақыт бұрын «…мен жастарға сенемін» деп жыр жауһарын төккен еді. Бұл нені білдіреді. Бұл дәуіріміздің нар тұлғаларының қай кезде болмасын, ел ертеңі жастар екенін күні ілгері біліп, соған үлкен үміт артқанының, сенім білдіргенінің белгісі. Жасампаздық идеяның бұл түрі ел жадынан, саясат санасынан өшкен емес.

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты аса маңызды ­ма­қаласында бұл идея қайта түлеп сала берді. Оған Елбасының бұқара халық­тың қамын, жастардың ертеңін ойлаған көрегендігі нақты мысал бола алады. Бес әлеуметтік бастама, әрі соны іске асыру жолындағы Президенттің үндеуі заманымыздың өзекті мәселелерін сөз етті. Баспана жағдайы қай кезде болмасын шешілуі қиын жауапты мәселелердің бірі екені сөзсіз. Ал қазір осы қиындықты іске асыру үшін «7-20-25», бағдарламасы күн тәртібіне қойылды. Баспана алу үшін несие төлемінің мерзімі 25 жылға, үстемесі отбасылық бюджетттің мүм­кін­­діктеріне қарай 7 пайызға дейін тө­мендетілді. Бұл белгілі бір жұмысы бар, тұрақты айлық алатын қазақстандықтар үшін үлкен жеңілдік екені белгілі. Демек, мұның өзі алдағы жылдары өз нәтижесін береді деуге болады.
Жастар тағдыры да назардан тыс қалмады. Бұрын жастарға жыл сайын 54 мың грант бөлінетін. Енді оған тағы 20 мың грант бөлініп отыр. Оның 11 мыңы техникалық білім үрдісін іске асыруға арналған. Заманауи техни­ка­лық үрдіске үн қосу уақыт талабы. Компьютер жөндеу шеберлері, телефон, радио саласының мамандары, сол секілді жалпы техникалық сұранысқа ие мамандықтарды көбейткен үстіне көбейте беру керек. Студенттерді қи­найтын күрделі мәселелердің бірі жатақхана екені сөзсіз. Енді бұл мәселе де өз жүйесін тапты. Елбасы өз Үндеуінде « 2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың жаңа жатақхана салуды тапсырамын. Бұл алдағы жылдарда өсе түсетін сұранысты ескергеннің өзінде жатақхана тап­шылығын біржола шешеді» атап кө­ресетті. Бұның өзі жастардың алаңсыз және сапалы білім алуына молынан жағдай жасайды. ­Ауылдан оқу іздеп келген жастар әуелі баспана қиындығына тап болатын. Енді бұл мәселенің оңынан шешілгені баршамыз үшін үлкен қуаныш. Ұлы Абайдың «Құдайдан қорық, пендеден ұял, балам бала болсын десең оқыт, оқыт және оқыт» деген қанатты қағидасы бар. Сол секілді баланы оқытатын бірінші ата-анасы болса, екіншіден әлеуметтік орта, қоғам, мемлекет қамқорлығы болып табылады. Осы мәселелердің өз шешімін тапқаны күллі Алаш жұрты үшін үлкен қуаныш, мың мәрте мақтаныш.

Дәнеш Ахметұлы,
жазушы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

2 Пікір

  1. Қайрат

    Расында да, қазіргі таңда оқып, білім аламын дейтін жастарға жағдайдың барлығы қарастырылған. Енді міне, баспана мәселесі де оңынан шешімін тауып отыр.

  2. Рауза

    Білім гранттарының артуы үлкен көмек қой. Сол грантқа лайықты балалардың ата-аналары қуанып жатқан шығар. Баланы ақылы бөлімде оқыту оңай емес. Әркімнің қалтасы көтере бермейді.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.