Дәстүрімізге – берікпіз
Ерлан ОМАРОВ –
1984 жылы 18 сәуірде Қарағанды облысы Ұлытау ауданы Егінді ауылында дүниеге келген.
Журналистика мамандығы бойынша Ө.Байқоңыров атындағы Жезқазған университетін, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде магистратурасын тәмамдаған. Фотоөнерге келуіне туған ағасы Әнуар Омар ықпал етіп, бағыт-бағдар берген.
«Астана ақшамы» газетінде фототілші болып жұмыс істеген. 2012 жылдан бастап «Егемен Қазақстан» газетінің фототілшісі болып еңбек етіп келеді. Е.Омаров тұңғыш рет тағайындалған ұлттық «Үркер» сыйлығында «Жылдың үздік фотосуреті» аталымы бойынша жеңімпаз, 2017 жылы «Үздік бейне-сурет материалы үшін» аталымы бойынша «Парламент сөзі» сыйлығының иегері атанған.
тамаша суреттер, талантты фототілші.