Жолың болсын, жас түлек!

Ертең еліміздің мектептерінде Соңғы қоңырау басталады. Бұл өзі дәстүрге айналған ерекше күн.
Мектеп түлектері өздері он бір жыл бойы білім мен тәрбие алған алтын ұяларымен қоштасады. Бұл сөз жоқ, көңіл толқытарлық сәт. Мектеппен қоштасу дегенің – балалық шақты артқа қалдыру дегенді аңғартса керек. Бойларына білім нәрін құйған, сабақ бере жүріп ақыл-кеңестерін де аямаған ұстаздар қауымымен енді бұдан былай жиі қауышпайтындары да тебірентпей қоймайды.
Дегенмен де, бұл басқосу қуанышты жайды да білдіреді. Мектептің табалдырығын аттағандары кеше ғана болса, бүгін, міне, сүйікті білім ордаларын тәмамдағалы тұр. Жылдар оларды есейтті. Бойларына бой, ақылдарына ақыл қосты. Алда нағыз, үлкен өмір қол бұлғайды. Қазіргі жеткіншектер бақытты. Өйткені олар тәуелсіздік жылдарында өмір сүріп жатыр. Азамат, адам болуға барлық жағдай жасалған. Бәрі де әркімнің өзіне байланысты. Тек арман, талап, ізденіс керек. Осы қасиеттер бойға жұғысты болса алынбайтын асу, бағынбайтын қамал жоқ.
Сыңғырла, соңғы қоңырау! Сенің үнің жарқын жастықтың, бүгінгі нұрлы өмірдің, кемел келешектің айғағы.

Орал қаласындағы №37 мектептің биылғы түлектері
Суретті түсірген – Рафхат Халелов

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Алдияр

    Мектеп түлектерін соңғы қоңырау күнімен құттықтаймыз. Алдағы сынақтардан сүрінбей өтіңдер.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.