Жер өлшеудің қыр-сыры

«Жер өлшеу» деген мағы­наны білдіретін геометрия ғы­лымы математиканың бір бө­лімі болып табылады. Ол кеңіс­тіктік қатынастар мен по­шымдарды, сондай-ақ құры­лымы жағынан соларға ұқсас дүниелерді зерттейді.
Ежелгі грек ғалымы Родос­тық Евдем айтыпты-мыс деген мынадай сөз бар: «Геометрияны египеттіктер ашты және ол жерді өлшеу кезінде пайда болды. Мұндай өлшеу оларға шекараларды ұдайы шайып кете беретін Ніл өзені тасқыны салдарынан қажет болды». Ежелгі гректердің тұсында-ақ геометрия математикалық ғылым болатын, ал жерді өлшеу туралы ғылым геодезия деп аталды. Ежелгі Египет жазбаларына үңілсек, геометрия Жерді өлшеуден ғана емес, жер қазу және құрылыс жұмыстары кезінде көлемдер мен жер бетін өлшеуден де дамыған. Геометрияның дамуында негізгі төрт кезеңді бөліп көрсетуге болады. Бірінші кезең – геометрияның ғылым ретінде дамуы Ежелгі Египетте, Вавилонияда, Грекияда біздің дәуірімізге дейін 5 мың жыл бұрын өтті. Екінші кезең оның дербес ғылымға айналу дәуірін қамтиды. Евклид геометриясы осы кезеңде қалыптасты. Үшінші кезең XVII ғасырдың бірінші жартысында – талдамашылық, содан кейін дифференциялық геометрияның орнығуын қамтиды. Төртінші кезең – Лобачевский геометриясы кезеңі.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.