«Ұлы даланың киелі мұрасы»

Маңғыстау облысында «Ұлы даланың киелі мұрасы» атты шара өтуде. Мазмұны терең іс-шараны «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысының аймақтағы мүшелері қолға алған.
Отпан тау кешенінен бастау алған шара мақсаты – ашық аспан астындағы мұражай атанған өңірдің баламасыз жәдігерлерін көпке насихаттау.
Үш кезеңнен тұратын шараның алғашқысы Жеңіс күнімен тұспа-тұс келді. Кейінгісі саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні жалғасты. Соңғы бөлімі белсенді жастардың киелі орындарға барып, зиярат етуімен түйін­де­леді. Ал осы ай соңында эстафета Атырау облысына тапсырылады.
«Қоғамдық келісім» мекемесінің директоры Аманкүл Жайылханова экспедиция құрамы «Жаңғыру жолы» аймақтық штаб мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері және студенттерден топтастырылғанын, олардың көпшілігі алғаш рет ашық аспан астында орналасқан жәдігерлерді аралап, тарихымен етене танысуға мүмкіндік алғанын атап өтті.
«Жас суретшілер өз көзімен көрген көрініс­терді майлы бояумен ақ параққа түсірді. «Мың бояулы Маңғыстау» жобасына қатысушы 50 жас салған суреттерін кейін жергілікті мұражайларға тапсырады» деді А.Жайылханова.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.