Жұрт ойының жаршысы

Бүгін – Байланыс және ақпарат қызметкерлерінің күні.
Бұл күннің маңызы ерекше. Өйткені өзіміз өмір сүріп отырған қоғамды баспасөзсіз, телевидение мен радиосыз елестету мүмкін емес.
БАҚ – тек ақпарат жеткізумен ғана айналыспайды, ол – билік пен бұқара арасындағы алтын көпір.
Қазіргі таңда ел алдында Елбасының Қазақстан халқына Жолдауындағы, Бес әлеуметтік бастама Үндеуіндегі, «Рухани жаңғыру» тұжырымдамасындағы талаптарды жүзеге асыру міндеті тұр. Міне, осы талаптарды қалың жұртшылыққа түсіндіріп, оларды игілікті істерге жұмылдыруда БАҚ-тың рөлі өте зор. Мемлекет те газет-журналдардың, электронды ақпарат құралдарының маңызын жақсы түсініп, қолдау-көмегін көрсетіп келеді. Соның жарқын дәлелдерінің бірі – жыл сайын журналистердің кәсіби мерекесі қарсаңында Елбасының бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлықтары мен гранттары тапсырылып, Алғысы жарияланатындығы.
Мемлекет саясатын бұқараға жеткізуде «Қазақ газеттері» ЖШС-ына қарасты басылымдар да қалтқысыз қызмет етуде. Бұлар жұртшылыққа танымал, міндет-мақсаттары айқын, өзекті мәселелерді қозғап жүрген газет-журналдар. Басылымдар қызметкерлері мамандыққа адалдық танытуды, оқырман көңілінен шығатын тартымды дүниелер жазуды басты парыздары санайды.
Журналист – қастерлі мамандық иесі. Оның қызметі қоғаммен, халықпен тікелей байланысты. Осының өзі әріптестерімізге зор жауапкершілік жүктейді. Ел артқан сенімнен шығу – абырой.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Meirambek Duisenbai'

    Meiramdarynyz , Qazaq Eli bailanys jane buqaralyq aqparat quraldary qyzmetkerlerinin meiramy kutty bolsyn! Enbekterinizge gemis, tabys pen bereke, tek jaqsylyq tileimin! Qazaq Eli jasasyn!

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.