Экокөліктер көрмесі

Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында он бірінші ха­лықаралық экологиялық таза көліктер көрмесі өтті.
Шараға 22 мемлекеттен 236 компания қатысты. Кванджу қаласына әлемдік автоөндірушілердің жиналуы тегін емес. Себебі қала мэриясы шаһарды сутегі машиналарының дамыту орталығына айналдырмақ ниетте. Бүгінде Кванджуда сумен жұмыс істейтін 50-ге жуық машина қолданыста жүр. Мұндай көлікті сатып алғысы келгендерге мемлекеттік субсидия беріледі. Тіпті қалада су құюға арналған жанармай бекеті де бар. Жылдың соңына дейін тағы бес бекетті іске қосу көзделген. Көрмеде күн батареясы орнатылған автокөліктің макеті де таныстырылды. Сондай-ақ жүргізушісіз қатынайтын шағын автобус көптің қызығушылығын тудырды. Мұндай қоғамдық көлікті әлемнің он жеті мемлекеті қолданып жүр.
Өндіруші компанияның менеджері О Чонг Чханның айтуынша, әзірге жүргізушісіз қатынайтын қоғамдық көліктерге Оңтүстік Кореяның жолдарында жүруге заңмен рұқсат етілмеген. Сол себепті жоғары оқу орындарында, арнайы рұқсат етілген жерлерде ғана қолданады. Бір нысаннан келесі зауытқа қатынау үшін осындай көліктің маңызы зор.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.