Сезімтал мысықтың құпиясы

Ұзақ жылдар бойы адамдар мысықтың сезу мүшелері жүйесінің қалай құрылып, қалай жұмыс істейтінін тіпті топшылай алмай келді. Бүгінде мысықтың көз шарасы ұлғайып кете алатынына ешкім күмәнданбайды.
Мысық адамға қарағанда 6 есе жақсы көреді. Иесінің бейнесін жануар 100 метрден артық қашықтықтан таниды. Мысық күнге қаймықпастан қарай алады. Өйткені оның көз қарашығы көз шарасына жететін жарықтың мөлшерін жақсы реттейді. Көз қарашығының барынша кеңеюі өте қараңғыны көруіне мүмкіндік береді.
Мысық көзінің таңғажайып қабілеттілігі жөніндегі аңыз оның мүлдем қараңғыда да көре алатынын дәлелдеп отыр. Бұл пікір негізсіз емес. Морель жасаған тәжірибелер мұның ішкі сырын ашып берді. Тастай қараңғыда мысық, әрине, түк көрмейді. Бірақ ол дыбысты өте жақсы еститіндігінен, сол нәрсені нақ көргеннен кем сезінбейді.
Басқа да ғалымдардың зерттеулері бойынша, мысықтың есту қабілеті итке қарағанда әлдеқайда сезімтал екендігі дәлелденді. Мәселен, мысықтардың өздері қатты ұйықтап жатқан үйден бірнеше метр алыс тас қабырғаларының сыртында жүрген тышқандардың сыбдырын естіп, оянып кеткен кездері жиі байқалған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.