Нанның ежелгі тарихы

Біз күн сайын нанды жей отырып оның дәннен астық күйіне жеткенше немесе егістіктегі бидайдың жиналу сәтінен хош иісті піскен нанға айналғанға дейін қаншалық ұзақ және күрделі жолдан өтетінін сирек еске аламыз. Солай болса да кәдімгі нанның тарихы тіпті де әдеттегідей емес.
Адамның бұл тағаммен ауқаттанып келгеніне 10-15 мың жылдай уақыт болды деп есептелінеді. Мұны Кіші және Орта Азия, Солтүстік Шығыс Африка және Қытай территорияларында жүргізілген археологиялық зерттеулер көрсетті. Ғалымдар бұл аудандардың барлық жерінен бидай өскен алаңдардың іздерін тапқан. Оның неғұрлым айқынырақ дәлелі мысырлық перғауындардың мазарларын ашқанда табылды. Олардың бірінен біздің заманымызға дейінгі 1400 жылға жататын жалпақ нан шыққан.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.