Біз неге есінейміз?

Біз жиі түшкіреміз және есі­нейміз. Түшкіру – әдетте тұмаудың ал­ғашқы белгісі, ал есінеу болса – ұйқының, шаршағандықтың, я көңілсіздіктің нышаны. Бұл екі құбылыстың физиологиялық аспектісі ежелден белгілі.
Түшкіргенде не есінегенде дереу ­ауызды қолмен жабамыз. Әдетте бұл қимылға біреу істемегенде ғана көңіл аударамыз. Сол біреу көбінесе бала болып шығады, онда оған мұндай жағдайда басқаларға тұмау жұқтырмау үшін ауыз жабу керек екенін түсіндіреміз. Ал түшкірушіге: «Сау болыңыз!» немесе «Бақытты болыңыз!» деп айтып жатамыз. Міне, осылардың барлығы айқын нәрселер екені соншалық, тіпті оған назар аударып отырудың өзі уақытты ысырап еткендік болар еді.
Бірақ бұл құбылыстарға байланысты кейбір жағдайларға қызы­ғатын ғалымдар да табылады. Ал оған әлі де түсінік табыла қой­ған жоқ. ХІХ ғасырдың аяқ шенінде жер шарының әр жерінде – Афри­када, Азияда, Оңтүстік Америкада және Еуропада жүргізілген этно­графиялық зерттеу материалдарында адамдар барлық жерлерде бірдей түшкіріп, есінегенде ауыздарын жабатындары еске салынған.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Аноним

    Өтте керемет екен . Мысыр пирамидалары😍

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.