Қазақ ғалымы Оксфорд Академиялық одағының құрметті профессоры

Жақында Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі, филология ғылымының докторы, профессор Әбсаттар Дербісәлінің атына «Бизнес Триумф» Халықаралық фестивалінің Ұйымдастыру комитеті мен Оксфорд Академиялық одағының атынан хат келді. Онда былай делінді:

«Құрметті Әбсаттар Бағыс­бай­ұлы! Ұлыбританиядағы аса бе­делді академиялық қо­ғам­дас­тықтарының бірі сана­латын – Оксфорд Академия­лық одағы (Academic Union, Oxford) Сіздің көптеген жылдар бойы өз парасатыңызбен, ұйым­дастырушылық қабіле­тіңізбен, белсенді азаматтық ұс­­танымыңызбен заманауи қо­ғамның әлеуметтік және интел­лектуалдық дамуы жолында жа­саған қызметіңіздің халық­аралық әлеуметтің жоғары баға­лауына лайық екеніңізге ықыласын білдіреді.
Осыған байланысты, Президиум, Академиялық одақтың серіктестері, Халықаралық Сократ комитеті (Ұлыбритания), ғылым-білім және қоғамдық қызмет саласындағы еңбегіңіз үшін Сізге Оксфорд Академиялық одағының Құрметті профессоры (Honorary Professor of the Academic Union, Oxford) атағын беру туралы ықыласын білдірді.
Осы құрметті атақ иесі ре­тінде және Сіздің қызметіңізді, ғылыми зерттеулеріңізді, Еуропа мен әлемдегі инновациялық ашылымдар мен жетістіктеріңізді дәріптеу мақсатында, Academic Lounge (Oxford, UK) негізіндегі атау­лы кафедра құру, Сіздің ғылыми еңбектеріңізді Сократ Альманахында (Оксфорд, Ұлыбритания, тіркеу нөмірі ISSN 2053-4736) жариялау құқығы ұсынылып отыр…»
Ә. Дербісәлі 800-ден астам еңбектердің авторы. Соның ішінде 40-тан астам жеке кітаптары бар.
АҚШ, Испания, Германия, Ұлыбритания, Жапония, Қытай, Индия, Египет, Иран, Түркия сияқты, т.б. ел­дер­дің уни­верситеттері мен Пар­ламент­терінде Академияларында лекция оқыған. Біріккен Ұлттар Ұйымы, ЮНЕСКО, ISESCO-ның түрлі халықаралық конгрестері мен конференциялары, симпозиумдарында баяндамалар жасаған.
Теориялық және практикалық маңызы бар бірқатар монографиялар мен сүбелі зерттеулердің авторы, көрнекті шығыстанушы ғалым, дипломат, белгілі дін және қоғам қайраткері Әбсаттар Дербісәлі Араб тілі халықаралық ғылым академиясының (Каир) мүшесі, Малайзия мен Қазақстанның 12 университетінің құрметті докторы, құрметті профессоры.

Асыл БІРМАНОВА

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.