Велопауза деген не?

Атмосфераны әртүрлі құралдармен зонд арқылы тексеру метеорологиялық өл­шем­дердің, соның ішінде биіктігі желдің бағыты мен екпінінің таралуын­да­ғы кейбір ерекшеліктерді табуға мүмкіндік берді.
Атап айтқанда, жоғарылаған сайын жел екпіні кемуінің және жылдың жылы кезінде стратосферадағы жел бағытының қарсы бағытқа өзгеруінің дәйекті заң­дылығы байқалды. Желдің бұлайша ауытқуы 20 шақырым шамасындағы биіктікте болады. Іс жүзінде желдің батыс бағытынан шығыс бағытына, яғни қарама-қарсы бағытқа ауысуы қалыңдығы бірнеше жүздеген метр қабатта жүзеге асады. Осы қабат велопауза деп аталады. Жел бағытының ауысуы жаз күндері стратосферада биік антициклон поляр күні кезеңінде қыстың полюс маңындағы суық циклонының орнына келеді. Биіктіктегі қысымы кеми бастаған бағыт көкжиек бойынша қарсы бағытқа көшісімен-ақ дәл осы жолмен желдің бағыты да өзгереді.

Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Гулнур Асылбек Нұрланкызы

    Өте адемы

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.