Тарихы терең мектеп

Жуырда Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданындағы Қазталов кентінің әкімшілігі Алма Оразбаева атындағы мектептің 150 жыл­дығын атап өтті. Бұл мектеп 1929 жылы салынған. Осы мектепте ұстаздық қызмет еткен Алма Оразбаева – қатардағы мұғалімнен қоғамдық партиялық қайраткер деңгейіне дейін жеткен ал­ғашқы қазақ қызы. А.Оразбаеваның қатарлары өз мұраттарына адал, алға қойған мақсаттарына жете білетін және өз халқына қызмет етуге ынталары зор қабілеттерімен ерекшеленеді.

Бұл мектепке жақын маңдағы ауыл балаларының 8 жылдықты бітіріп, 9-сыныпты оқуға келетін жалғыз орта мектеп еді. Мектептің жанынан 200 орындық интернат салынды.
Осы орайда, Қазталов әкімшілігіне және аудан әкімі Абат Шыныбековке педагогика мамандарына көңіл бөліп, олар туралы қанша уақыт өтіп, заман өзгерсе де ұрпақтардың сабақ­тастығын ұмытпай ескере отырып, еске алғандарына алғысымды жеткізгім келеді. Бұл Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруда, туған өлкенің тарихын, сол жерде өмір сүрген аса көрнекті тұлғалардың өмірбаянын зерделеу, жас ұрпақты патриоттық рухта тәрбиелеудегі үлкен үлес болып табылады.
Батыс Қазақстан облысы Қазталов ауданының әкімшілігі мұғалімдерінің беделін арттырып, оның ішінде бақилық болғандарға да тағзым етіп, ұлағатты істерін ұрпақтарға насихаттап отыр. Бұл мұғалім мамандығының мәртебесін арттырудың жарқын мысалы дер едім. Мұғалімнің мәртебесі, ең алдымен, жақсы шәкірт даярлап, кісілік келбетінің қалыптасуымен өлшенеді.
Біздің мектепте керемет, дарынды көп­теген мұғалімдер қызмет атқарды. Олар: Сейілхан Досмұханбетов, Сәндеш Жақашева, Хадиша Құдайбер­генова, Ізбасар Рысмағамбетов, Қария Хамзина, Мақсот Ахметжанов, Ысқақ Ыбраев, Нәсіпқали Ғазизов, Зоя Рахметеева, Хауа Дулатова, Уақит Ишанов, Зүбәйда Қурманғазиева, Жәния Аронова, Күнзипа Масалиева, Әбилә Жұмағазиева, Әсия Киреева, Владимир Холопов, Ғабдрахим Латипов, Хасан Шайымов, Райса Шынтемірова, Ильдар Рысмағамбетов, Тұрғаным Пушанова, Роза Абдолова, Бақтылы Салықова, Райса Топанова, Нәзипа Ысқақова, Қымбат Қайырқұлқызы, тағы да басқалар – бәрі де бізге өзде­рінің мінез-құлқымен, тәлім-тәрбие­лі­лігімен үлгі бола білген нағыз кәсіби мамандар.
Бұл күні бірнеше салтанатты іс-шаралар өтті. Ардақты мұғалімдер, Ұлы Отан соғысының ардагері, Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі Рысмағамбетов Ізбасар Әліпұлы мен Қазақ КСР халық ағарту ісінің үздігі Дулатова Хауа Аюпқызының құрметіне мемориалдық тақта орнатылды. Көрнекті қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген заңгері Хаби Жакупов атындағы сынып ашылды. Авторлық ұжыммен дайындалған «Мектебім – ғасырлар куәсі» атты тарихи энциклопедиялық кітаптың таныстырылымы болды. Ол 2011 жылы Сақыпжамал Абулхатинаның басқаруымен шыққан «Ұстазым менің, ұстазым» атты кітаптың логикалық жалғасы болып табылады. Сонымен қатар 150 жылдыққа арнайы әзірленген деректі фильмнің тұсаукесері өтті.
Мерейлі мерекеге мектепті бітіруші түлектер да қатысты. Олар – Әмреев Мұлхайдар, Рысқалиев Хайретдин, Темір Құсайын, Ізбасарова Зульфия, Жақыпов Мирболат, Сүйіншев Досқазы, Кереева Венера, Рысмағамбетов Акбар, Байғазиев Дамир, Рысмағамбетова Гүлмира, Жақыпова Бақытгүл және тағы басқалар. Олар мектеп оқушылары мен осы мектептің жас түлектерінің алдында сөз сөйлеп, өз мемлекетіміздің түрлі экономикалық салаларында жұмыс істеп, өздерінің кәсіби тұлғада танылған маман екенін көрсетті.
Сөз соңында мектеп басшысы Әлия Гұсманова мен ұжым мүшелеріне алғысымды білдіремін. Еңбектеріңіз жемісті болсын, қадірлі ұстаздар!

Альмира ТӘЖІҒҰЛОВА,
«Ұлттық ақпараттандыру
орталығы» АҚ президенті,
педагогика ғылымының докторы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Би атанган Жакып Хабикызы Бахытгул Казакстаннынебек синирген кайраткери

    Альмира Избасаркызы!
    Олкемизге деген суйспеншилигинизди билдирип макала усынганыз ушин алгысым шексиз.
    АНА тилим Омирим! Онерим! Тирегим!
    Шоби майса, журты жайсан. Туып киндик кескен жер.Биз бай жандармыз озиниз атап откендей, Бизге бейбитшик алып берген согыс ардагерлеримиз, улагатты устаздарымызбен, елимизге исимен тарбие берген карапайым агайын — журтымызбен мактана аламыз.Умыту момкин емес.
    «Билиги адил, иси камил»,»Кара кылды
    как жаратын еди», » Ханга багынбаган занга да багынбайды»,»Хабакан — адилдик ушин жаратылган жан», » адамдар оны оздеринин суйениши камкоршы коретин», » сира, баягынын билери де осындай- болган шыгар «, дегнндей ангимелер Акем елу жылдын устинде халык судьясы болып кызмет жасаган батыста ен биринши казак 1967 жылы » Казак КСР — нын енбек синирген зангери » атагы берилди.
    Жане акем атындагы кор 2008 — 2018 халкына деген иси жалгасуда.
    Ата — анамыздын алдындагы Би атанборышымызды тек адал енбегимизбен халкымызга кызмет ету парызымыз.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.