Көшпенді мәдениетімізді әлемге әйгіледік

Зиябек Қабылдинов,
Ш.Уәлиханов атындағы
Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымының докторы

Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы бізге ерекше әсер етті. Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты мақалада айтылған тұжырымдарға толықтай қолдау білдіреді. Себебі біз ежелден тарихты құрметтеген, ежел­ден өзіміздің шежіремізді түзеп келе жатқан халықпыз. Біз тарих­ты  тану, білу арқылы  ата-бабаларымыздың шыққан жерін, тегін ғасырдан-ғасырға жалғастырып келе жатқан халық­пыз. Сондықтан мұндай мақаланың жарық көргендігі бізді жігерлендіреді.

Шынын айту керек, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ең бірінші экономика мәселесі қолға алынды. Ал былтырғы Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы қоғамда ерекше серпіліс әкелді. «Халық тарих толқынында» деген бағдарлама жүрегімізге ұяласа, соңғы мақала барлық мәселені айқындап беріп, енді не істейміз, қай бағытта жұмыс істеуіміз керек, осыны көрсетті. Евроцентризм көп жыл біздің санамызды жаулады, әлемде бізді адамзаттың бір өркениеті емес, бір шетте жатқан, дамымай қалған, жабайы халық сияқты көрсетті. Сондықтан Елбасының осыған тойтарыс беру керек, осындай көзқарастан бас тарту керек деген пайымдарына өте ризамыз.
Елбасы біздің халық қаңғып жүрген халық емес, олар осы жерде пайда болып, осы жерде өмір сүрген, осы жерді жаулаушылардан алып қалған халық деген ойды айтады. Біздің жер көп жердің бірі емес, мысалы, Алтай көптеген түркітілді халықтардың ата бесігі екендігі тілге тиек етіледі. Жеті қырды айқындап берді. Ата-бабаларымыз алғашқы болып, жылқыны үйретіп, атқа міну мәдениетінің негізін қалады. Басқа да ұлы технологиялық революция жасады. Кешегі Қаныш Сәтбаев, Әлкей Марғұлан ағаларымыз зерттеген Орталық Қазақстан – ­металлургия әлемнің ордасы деген ой да көңілге қонады.
Ш.Уәлиханов атындағы ғылыми-зерттеу институтының мамандары (ол кезде Археология институты біздің құрамымызда) Есік қорғанында ең бірінші Алтын адамды тапты. Бұл әлемдік ғылым үшін үлкен жаңалық болатын. Алтын адам еліміздің басқа жерлерінен табыла бастады. Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Ақтөбе аумақтарынан. Сондықтан Қазақстанды «Алтын адам өңірі» деп те айтуға болады.
Сонымен бірге біздің Ұлы Жібек жолы көптеген өркениеттерді байланыстырды. Географиялық жағдайды ежелден өзімізге тиімді пайдаланып келеміз. Осы жерде көптеген сауда, мәдени, экономикалық, саяси байланыс­тар өріс алды.
«Ұлы Даланың жеті қыры» мақала­сын­да айтылған жайттарды «Рухани жаңғыру» бағдар­ламасының заңды жалғасы деп түсінеміз.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

1 Пікір

  1. Сабыржан

    Мен атамды издеймин Молдабек Аяп улы издеймин. Францияда Марсель каласында калып кеткен. Касында болган кисилер айтады Марсель каласында поезд 2 ге болингенде. Ол кисини нанга жиберген поезд сол жерге болип кеткен СССР ге Марсель каласында болып болинипти. Сол жерде калып кетти дейди касында бирген кисилер осылай айтып берди. Фамилиясын билмейм Божымбаев болуы керек. Меним билетиним осы.

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.