Ұлттық рухымызға серпін берді

Бүркіт Аяған,
Мемлекет тарихы институтының директоры,
тарих ғылымының докторы

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев үнемі тарих ғылымына көңіл аударып, маңызды мәселелерді көтеріп келеді. Соның ішінде «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласы жаңаша жазылған әрі құнды ойларымен ерекшеленетініне назар аударуымыз керек.  «Оның маңызы неде?» деген сауалға келсек, ең алдымен қазақтың санасын, қазақ елінің, қазақ ұлтының санасын қалпына келтіру, оның арасында тарихты қалпына келтіру жолдарын қарастырып, жаңа әдіснаманы ұсынып отыр. Қазақ елінің көне заманнан тарихы мол, көптеген жаңалық ашқан ел екеніне айрықша тоқталады. Жылқыны үйрету, Алтын адам, қазақ жеріндегі технологиялық орталықтардың тарихы және т.б. төл тарихымыздың ешкімнен кем емес екенін тілге тиек етіп, қайта әлемдік өркениетке қосқан үлесінің мол екенін айтады.  

Тағы бір өте маңызды мәселе, оны мақаланы оқыған азаматтар да байқар, Рим империясы мен қазіргі Италия халқының арасындағы жалғастық, көне Герман тайпалары мен қазіргі неміс еліндегі, неміс елінің арасындағы жалғастық, Индиядағы бұрынғы тай­палар мен қазіргі халықтың бір жақ­тан шыққанына баса көңіл бөледі. Қазақ даласы да – қазақтың, осы далада құрылған түрік империясы, Алтын орда, Ақ орда, Көк орда сияқты мем­лекетті жасаған, соны құрған халықтың, тай­палардың жалғасы екенін айтады. Бұл, әрине, методологиялық жаңалықтар, ғылымда айтылған ой болса, екінші жағынан осы мақала алдағы атқарылар жұмыстарға бағыт-бағдар береді.
Бізге, мысалы, тарихтан ұнайтыны – арнайы мұрағат ашып, елімізге қатысты материалдар, құжаттар жинап, бір орталыққа жинақтау. Осы ­орайда 7-желтоқсанда Мемлекет тарихы ­институты Назарбаев қорымен бірлесіп ауқымды конференция өткізбекші. Оған 12 шетелдік ғалым және еліміздегі белгілі ғалымдар қатысып, «Рухани жаңғыру» мәселелері, «Ұлы даланың жеті қыры» туралы сөз қозғайды. Қа­зақ­станның ғалымдары «Тәуелсіздік жылдарындағы Қазақстан тарихының дамуы» деген кітапты дайындап жатыр, конференцияда оқырманға ұсынбақшы.
Келесі мәселе – алдағы атқаратын жұмыстарға сәйкес, жалпы бұл мақалада тек қана тарихшылар емес, сонымен қоса өнер адамдарына, суретшілерге, археолог топтарына, композитор, ақын-жазушыларға дейін қатысы бар, себебі қазіргі заманға сәйкес жастарға қонымды, біздің көне заманнан қалған өнерімізді, әсіресе ауыз әдебиетін, дала фоль­клорының, музыканың мың­жылдығы туралы айтып кеттік қой, соның ішінде біздің музыкалық мәдениетті қазіргі технологиялық ақпаратты пайдаланып, заманға сәйкес елді таныстыру. Бұл да бір өте маңызды бағыт деп санаймыз.
Кино өнері мен теледидардың да қоғамдағы орны зор. Кітапты бірі оқыса, екіншісі оқымайды. Телеарна мен кино арқылы тарихымызды, төл мәдениетімізді насихаттап, ­заманауи технологияны пайдалану арқылы Отанымыздың жетістігін жеткізіп және қазақ өнерін әлемге таныту мақсаты да жоспарда тұр.
Бір сөзбен айтқанда, қазақ интелли­генциясы, қазақ интеллектуалдары, жалпы қазақ қоғамы алдында үлкен міндеттер қойылып отыр. Енді біз жұдырықтай жұмылып, осы мәселелерді шешуіміз керек.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.