Қазақ жазуын жаңғырту

Қазақ жазуының тарихына көз жүгіртер болсақ, мынадай жазу түрлерін пайдаланған:

І) Көне түркі жазуы   V – X ғасырлар.      

ІІ) Араб жазуы    X  – ХХ ғ. 20 жылдары (1929 ж.).      

ІІІ) Төте жазу ХХ ғ. басы

IV) Латын жазуы XX ғ. 1929–1940 жж.

V) Кирилл жазуы ХХ ғ. 1940 жылдан – бүгінгі күнге дейін.

VI) Латын жазуы ХХІ ғ. 2018–2025 жж. басталады.

 

Латын жазуы бойынша Ә.Қайдар, Р.Сыздықова, Ә.Жүнісбек, Н.Уәли, А.Алдашева, З.Базарбаева, Қ.Күдеринова, О.Жұбаева, Ш.Құрманбайұлы, А.Фазылжанова, Г.Мамырбекова, А.Сейтбекова т.б. ғалымдардың зерттеу жұмыстары бар.

Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы:

  • Қазақстан әлемдік ақпараттық кеңістікте еркін болады.
  • Қазіргі әліпбидегі 42 әріп 32-ге қысқарды, меңгеру оңай болады.
  • Түркі әлемімен Қазақстанның байланысы күшейеді.
  • Қазақ ирредентасы мен диаспоралармен байланысы артады.
  • Кірме әріптерден арылып, кірме сөздер қазақ тілінің әуезіне икемделіп жазылады.
  • Қазіргі қазақ тілінің қосамжар орфографиясы мен орфоэпиясының проблемасын шешіп, ұлттық сипаттағы жазу жүйесін қалыптастырамыз.

«Жазу – сөздің екінші өмірі» дейтін болсақ, жазудың бірнеше қызметі бар:

  • Аргумент береді
  • Тілді жүйелейді
  • Ойды дамытады
  • Мәдениетті сақтайды (кумулятивтік)
  • Ойды жарыққа шығарады
  • Тілді нормаға түсіреді
  • Тілтанымдық қызметі бар
  • Қарым-қатынас құралы (коммуникация).

 

Жазуды ауыстырудың бірнеше түрткіжайттары (факторлары) бар:

  • лингвистикалық
  • жаһанияттық
  • территориялық
  • тіл саламаттығы – тілдің имунитеті үшін
  • саяси
  • психологиялық
  • ақпараттық
  • экономикалық, сапаның көрсеткіші
  • педагогикалық
  • әлеуметтік
  • интеллектуалдық.

Үкіметтің назарына латын жазуының үш нұсқасы ұсынылды:

  1. диграф
  2. апостроф
  3. акут (ноқатты).

Қазіргі уақытта үшіншісі, акутты нұсқасы бекіді.

Жазу көзшалым, қолшалым, қол дағды тұрғысынан ыңғайлы болуы керек.

Тіл – тірі ағза іспетті. Өмірге келеді, дамиды, жетіледі, өркендейді. Біздің тіліміз өз тарихында халықпен бірге талай қиындықты бастан өткерді. Бірақ қазақ халық қанша қиналса да, халық үшін тіл еш уақытта өз құндылығын жоғалтқан емес.

Гүлжиһан Байғазықызы Көбденова

«Ана тілі» газетінің штаттан тыс тілшісі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.