«Бәсіре» – балалар оқулығы

Таяуда «Жаңа Ғасыр» №175 гимназия кітапханасында 2-4 сынып арасында «Кітап – рухани қазына» атты тәрбие сағаты өтті. Басты мақсат – оқушылармен бірге ертегілер әлеміне саяхат жасау, кітапты оқуға баулу, кітаппен дос болуға үйрету.

Тәрбие сағаты барысында «Кім жылдам», «Кейіпкерлер рөліне еніңдер» атты ойындар көрсетілді. Гимназия әкімшілігі алғырлық танытқан, белсенділігімен көзге түскен, өнерімен тамсандырған жиырмаға жуық оқушыларды гимназия әкімшілігі мақтау қағазымен марапаттады. Сондай-ақ барлық ертегілер желісінен хабардар болған, сынып болып ұйымшылдық танытқан оқушыларға «Бәсіре 1», «Бәсіре 2» деген балаларға арналған оқулық табыс етілді.

Жалпы, гимназияда балалар мен кітапхана арасында байланыс ешқашан үзілген емес. Әр сейсенбі күндері кітапхана төрінде бастауыш буынмен кітапхана еліне саяхаттар жүргізіледі, ал орта және жоғары буын оқушыларымен мерекелік іс-шаралар, дебаттар, дөңгелек үстел, ақын, жазушылармен кездеулер ұйымдастырылады.

Гимназия кітапханасында балаларға арналған ертегілер, журналдар, көркем әдебиеттер, барлық сала бойынша оқу құралдар қоры баршылық. Оқушылар сан түрлі ертегілерді, көркем әдеби кітаптарды  оқуға, оны талқылауға, бір-бірімен сол ертегі қақында әңгіме жүргізуге кітапханашымен ақылдасып, кеңесіп  отырады.

Кітапханашы Гүлмира Бабиханқызы балалардың білімге деген құштарлығын ашудың ең бір тиімді жолы – кітапханашы мен бала арасында берік көпір орнауы, яғни кітапханашы тек қана кітапхана қорын сақтаушы ғана емес, әр баланың өмірге деген қызығушылығын зерттей келе, сол балаға қажет болатын, сұранысын қанағаттандыратын кітаппен қамтамасыз ету, бала мен кітаптың арасында достық орнату деп санайды.

 Таугүл Қожабек,

«Жаңа Ғасыр» №175 гимназияның мұғалімі

 АЛМАТЫ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.