Кездейсоқтық па, әлде…

Пирамидалар қай кезде болсын бүкіл дүниежүзі ғалымдарының назарын ­аударып келді. Өз заманында Плиний де: «Пирамидалардың даңқы бүкіл әлемге жайылды» деп жазған еді.
Содан бері мыңдаған жылдар өтсе де, бүгінде сол пікірге қосылуға тура келуде. Қайта пирамидалар қазіргі біздің түсінігіміздей емес, олардың жасы әлдеқайда кәрі әрі оларды салудың мақсаты да басқаша деген пікірлер нығайып келеді.
Ресми ғылым Гизадағы Ұлы пирамиданы біздің ғасырымызға дейінгі 2520 жылдар шамасында мазар ретінде салынған деп дәлелдейді. Бірақ оның тұрған орны мен аумағы да Хеопс пирамидасының жер бетіндегі құпиясы ашылмаған ең жұмбақ құрылыстардың бірі екенін дәлелдейді. Себебі нақтылы жүргізілген есептерге қарағанда, пирамида жер шарын тура екі жарты шарға бөліп тұрған сызықтың дәл үстінде орналасқандығы айқындалды. Бұл кездейсоқтық па немесе құрылысшылардың асқан даналығымен тәжірибесінің нәтижесі ме?

Нұрлан ҚҰМАР 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.