Жоқтан бар жасады

Ауызекі тілде сөйлейтін иврит тілінің қайта өрлеуі бұрын болып көрмеген және адамзат тарихындағы бірден-бір оқиға болып табылады. Ол баяғыда ұмытылған жадыдан және тілсіз көне жазбалардан қайта жарыққа шықты. Жүздеген жылдар бойы иврит өлі тіл болып есептелді, еврейлер оны тек діни уағыздарға және діни мәтіндерді зерттеуге қолданды.
Ивриттің ауызекі тіл ретінде қолданылуының қалыптасуы ХІХ ғасырдың аяғында және ХХ ғасырдың басында басталды. 1889 жылы лексиколог Элиэзер Бен Иуда өзінің басқа пікірлестерімен бірге «Иврит тіл комитетінің» негізін қалады, ол ивритті дамытуға және оны өмірдің барлық саласындағы қарым-қатынас тілі етуге жәрдемдесу үшін құрылды.
Ауызекі тілді ивриттің қайта өрлеуі әртүрлі қоғамдық ұйымдардың басты мақсаттарының біріне айналды, оның ішінде неғұрлым белсендісі «Ивритті қорғау лигасы» деп аталатын ұйым еді. 1924 жылы оның басшылары еврей қауымдастығына ивритті күнделікті өмірге қолдануға енгізуге өздерінің күштерін біріктіруге және алға қойылған мақсатқа жету үшін қажетті шаралардың бірлесіп шешуге шақырды. Ивриттің қайта өрлеуі шын мәнінде бүкіл халықтық іске айналды.
1948 жылы мемлекет құрылған сәттен бастап Израильдің тіл саясаты ивриттің ресми және күнделікті қолданылатын тіл ретіндегі мәртебесін тағайындауға және бекітуге бағытталды. Мұның бірнеше себептері болды: ивриттің тарихи және мәдени тамыры тәураттық кезеңнен бастау алады, сондай-ақ әр елдерден әртүрлі тілде сөйлейтін еврейлер келеді деп күтілді, оларды біріктіру үшін бәріне ортақ тіл керек болды.
1917 жылдан 1948 жылға дейін созылған Британдық мандат кезінде ағылшын тілі Палестинаның ресми тілі болды, және билік өкілдері де, сондай-ақ жергілікті халық пен көптеген иммигранттарда сол тілде сөйледі. Оның Израиль мемлекетінің мүмкін болатын негізгі тілі ретінде қаралғаны табиғи жағдай еді, бірақ бұл тілді бөтен, отарлық билікпен таңылған деп одан бас тартылды.
Осы кезеңде идиш, араб, ағылшын, француз және орыс тілдері «бас тартылған» тілдер қатарына жатқызылды. Әсіресе идиш тілімен күрес қатаң сипат алды. Бұл тілдің неміс тіліне жақындығы және екінші дүниежүзілік соғыста еврей халқының басына түскен зауалға байланысты көңілдеріне ауыр тиді, оны Израильде таралуын іс жүзінде мүмкін болмайтындай етті. «Ивритті нығайту одағы» оны тіпті «халық жауы» деп жариялауға жақын тұрды. Бұл шын мәніндегі тіл үшін соғыс болатын, әлбетте иврит онда «жеңімпаз» атанды.
1949 жылы иврит бірінші мемлекеттік тіл, ал араб тілі екінші болып жарияланды. Содан бері мемлекет иврит тілінің үстемдігін нығайту үшін аз күш жұмсаған жоқ.
Қазіргі жағдайда мемлекет алдында тіл саясаты жүйесінде жаңа міндеттер қойылды: тілді дамытуды жалғастыру, тілді жаңғырту үдерісіне қатысу, оқшауланған немесе қазіргі заманғы емес ивритті қазіргі таңдағы қатынас құралы ретінде тілдердің даму деңгейіне көтеру, Израильдің мәдениет, ғылым, экономикалық қоғамдастығына өзара аударылатын тілдердің әлемдік қоғамдастығына ену мүмкіндігін беру.
Сонымен, Израиль ғасырлар бойы осы тілде қатынас жасалмаған, хат және ғылыми трактаттар жазылмаған, мектепте оқытылмаған және т.б. олқылықтардың орнын толтыруға күш салуда. Басқаша айтқанда, ивритті ешқашан үзілмеген тілдердің қолданылу деңгейіне жеткізу мақсат етіп қойылған.
Бүгінгі таңда, Израильдің бір ғана мемлекеттік тілі бар. Сонымен қоса, иврит тілі әлемнің 500-ден астам университетінде оқытылады.

Араб тілін меңгеру қажет
Араб тілі – Сауд Арабиясы Корольдігінің барлық мемлекеттік құрылымында қолданылатын, сондай-ақ мектепке дейінгі орындардан бастап, жоғары оқу орындарына дейін оқыту жүргізілетін тіл.
Араб тілі – ең ежелгі, өте бай тілдердің бірі. Қасиетті Құран-кәрімнің араб тілінде түскенін ұмытпаған жөн. Ол, сондай-ақ БҰҰ мен оның бүкіл құрылымындағы ресми тілдердің бірі. Араб тілін білу Сауд Арабиясы Корольдігінің барлық азаматтарының міндеті. Мемлекеттік қызметке орналасу үшін араб тілін үздік меңгерген болу қажет.

Әли әл Хамдан,
Сауд Арабиясы Корольдігінің елшісі.

Интернеттен дайындаған Анар ДҮЙСЕНБАЙҚЫЗЫ

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.