Жарық пен көлеңке

Картинада жарық та, қою көлеңке де, жарық көлеңкеге алмасар тұстарда жартылай көлеңке де ұшырасады. Сурет өнерінде жарық пен көлеңкенің осындай үйлесімі үлкен маңыз атқарады. Ол арқылы адамдар мен заттардың көлемін, табиғат көркін, ауаны ұтымды бейнелеуге болады. Бұл шығарманың әсерлілігін де арттырады.
Итальян суретшісі ­Микеланджело Меризи да Караваджо жарық пен көлеңкені атымен басқаша пайдаланған. Ол өз картинасында жарық пен көлеңке арасындағы кереғарлықты шебер пайдаланған: қара көлеңке фонда айқын бояулы кескіндер, ал жарқын фонда, керісінше, қаракөлеңкелеу тұлғаларды бейнелеген.
Рембрандт – жарық пен көлеңкені пайдаланудың асқан шеберлерінің бірі болды. Оның шығармалары кейде асыл тастай жарқылдайтын, кейде түнгі шырағдандай маздаған жарық пен нұрға толы. Кейде көл-көсір шұғыла адамның бетіне, қолына түседі де, денесінің қалған бөлігі қаракөлеңкеге сіңіп қалтарыс қалады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.