«Алматы – адалдық алаңы»

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының ­Алматы қаласы филиалы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті және «Алматы – адалдық алаңы» жобалық офисімен бірге №5 мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында «Адалдық Алаңы» жобасының іске асырылуына орай брифинг өткізді.

2019 жылы жұмысын бастаған «Алматы – адалдық алаңы» жобалық офисінің мақсаты – мемлекеттік қызмет беру бағытында сыбайлас жемқорлықты азайту, халықтың мемлекеттік билік органдарына деген сенімін арттыру.
Бүгінде елімізде сыбайлас жемқорлық фактілерін болдырмау және қызмет алу­шы­лардың қызметкерлермен әрекет­тесу көрсеткішін төмендету мақсатында цифрландыру мүмкіндіктері белсенді қолданылуда. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ­Алматы қаласы бойынша филиалының директоры Ғалым Қарқынбаевтың ­айтуынша, корпорацияның цифрландыру жобалары ашықтықты қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа әкеп соғатын факторларды болдырмау, экономикалық қайтарым және қызмет көрсету сапасын арттыруға негізделген.
– Біз азаматтардың электрондық қыз­мет­терді пайдалану деңгейін арттыру мақ­сатында 60/40 жаңа қағидатына сәйкес, фронт-офистерде кең ауқымды трансформациялауды жүргізіп жатырмыз. Яғни фронт-офистегі жұмыс айма­ғының 60% азаматтардың қызметтерді өз бетінше алу секторына арнап отырмыз. Осылайша, біз қызмет алушылардың анықтамалар мен басқа да керекті құжаттарды өздігінен алуын қамтамасыз етпекпіз, – дейді Ғалым Абиболлаұлы.
Алматы қаласында 15 фронт-офис жұмыс істейді, оның 5-еуі мамандан­дырылған ХҚО. Ондағы цифрлық алаң­да өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары орналасқан. Өткен жылы мұнда 1,588 мил­лион астам азаматқа мемлекеттік қызметтерді өз бетінше алу тәртібі үй­ретілді. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табады.
Алматы қаласында алғашқы ­­­№1 ма­­­ман­дандырылған ХҚО-сы 2013 жылдың басында ашылды. Алты жыл ішінде мамандандырылған ХҚО-ның жұмысы 5 есе артты, бекітілген өткізу қабілеті күніне 500 адам болса, ең жоғарғы кезеңде 2500 адамға дейін жетті. Қала шекараларының кеңеюіне байланысты тұрғындар саны 1,5 есе артты және жүктеменің одан әрі ұлғаюы болжануда.
Барлық мамандандырылған ХҚКО-ларда бейнебақылау камералары орнатылған және мемлекеттік қызмет көрсету сапасын мониторингілеу үшін ахуалдық орталыққа қосылған. Арнайы ХҚО-да ғимаратқа кірер кезде және «анықтама» аймағында сыбайлас жемқорлық көріністерінің жолын кесу мақсатында жүгіртпе жолдар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы баннерлер, сондай-ақ өзінің заңсыз қызметтерін ұсынатын делдалдар тарапынан болатын алаяқтықтан қызмет алушыларды сақтандыру үшін бөлімнің кіре берісінде орнатылған радиохабарлағыш арқылы дауыстық хабарлама беріледі.
Сонымен қатар сыбайлас жемқор­лық көріністерін болдырмау және Мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесін жетілдіру мақсатында қазіргі уақытта «электрондық үкімет» порталында Көлік құралдарын тіркеу және жүргізуші куәліктерін ауыстыру бойынша онлайн сервистер жұмыс істейді, онда аталған қызметтерді ұсыну мерзімі 60 минутқа дейін қысқартылған.
2018 жылы Алматы қаласының мамандандырылған ХҚКО-ларында 600 мыңнан астам қызмет көрсетілді; 122 331 жүргізуші куәлігі берілді, 557 827 көлік құралы қайта тіркелді.

Нұрлан ҚҰМАР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.