КӘСІПТІК БІЛІМ – БҮГІНГІ КҮННІҢ ТАЛАБЫ

Былтырғы Елбасы Н.Назарбаев­тың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» Жолдауы халық арасында үлкен қолдауға ие болды. Сонымен қатар қоғам, мемлекет үшін өзектілігі – ел ішінде қызу талқыланды. Ал бүгінде Жолдауда атап көрсетілген әр бағыт бойынша нақты жоспарлар іске асырылып, әр сала өз деңгейінде жұмыс атқарып жатыр.

Елбасы аталған Жолдауында білім беру саласына аса қатты ден қойды. Атап айтқанда, білім берудің жаңа сапасын негізге ала отырып, бірнеше бағыттар бойынша тиімді ұсыныстарды жүзеге асыруды тапсырған болатын. Соның ішінде барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру, педагогтарды оқыту және олардың біліктілігін арттыру жолдарын қайта қарау, орыс тілді мектептер үшін қазақ тілін оқытудың жаңа әдістемесін әзірлеу, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту, «Баршаға тегін кәсіптік-техникалық білім беру» жобасын жүзеге асыруды жал­ғастыру қажеттігі сияқты бірқатар мәселелерді қадап айтқан болатын.
Еліміздің білім беру саясатын ай­қындайтын Қазақстан Республи­касындағы білім беруді дамыту­дың 2011-2020 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасы жұмыс істеуде. Ал осы бағдарлама арқылы нарық талабына лайық жоғары білікті дәрежеде білім беретін кәсіптік мектеп, колледж және жоғарғы оқу орнын бітірген мамандар даярлап, ішкі еңбек ресурстарын игеріп, жұмыссыздықты жоюға болады.
Жоғарыда аталған бағдарла­мадағы басты мақсаттар­дың бірі: «Қоғамның және эко­но­миканың индустриялық – инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту, әлемдік білім беру кеңістігіне кіру». Осыған орай біздің алдымызда бүгінгі күні қоғам қажеттілігіне сай мамандарды даярлау міндеті тұр.
Осы орайда еңбек нарығында дайындалатын мамандарға деген сұранысты ескеру, оқу орын­дарының материалдық-техникалық базасын және оқу-әдістемелік кешенді қазіргі заманауи талаптарға сәйкес нығайту, оқытушылардың кәсіби шеберлігін шыңдау, серіктес ұйымдармен, потенциалды жұмыс берушілермен байланыс орнату сияқты мәселелер кәсіптік білім беруде ескерілуі керек.
Алматыда осы мақсатта Кәсіп­керлік және бизнес бойынша Үйлес­тіру орталығы жұмыс істейді. Мұндай бизнес-клубтар студенттік ортада кәсіпкерлікті дамытуға қолайлы жағдай жасау, бизнес жоспарлау саласының әліппесі мен тәжіри­бесін қатар меңгеру, тұлға болып қалыптасу, бизнес клубтар мүшелерінің жоспарларын құруға және дамытуға көмектесу, жастар арасында белсенді өмірлік ұстанымын, әлеуметтік-жауапты мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру, салауатты өмір құндылықтарын насихаттауды мақсат еткен.
Сондай-ақ Алматы қаласы Білім басқармасы Техникалық және кә­сіптік білім беру бөлімі студент­тердің кәсіпкерлікке икемделуін қадағалайды. Мұндай қадағалау мен бақылаулар жастар үшін өте маңызды. Себебі заман нарығына орай техникалық және кәсіптік білім беру – бүгінгі күннің басты талабы.
Еліміздің тәуелсіздікке қол жеткізіп, әлемдік ынтымақ­тастық­тағы мемлекеттердің қатарында тұғыры биік, өз саясаты мен даму стратегиясын қалыптастырған дербес ел ретінде танылуында отандық білім берудің, оның ішінде кәсіптік білім берудің дамуы маңызды болып отыр.

Ақбота ҚУАТОВА
«Ана тіл

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.