Атом сағаттары

Атомдардың ыдырау жылдамдығы бір қалыптан бұлжымайды. Оған темпе­ра­тураның құбылуы да, қысымы да, қоршаған орта да әсер етпейді. Радиоак­тивтілік про­цесін уақыттың дәл өлшемін анықтау үшін пайдаланудың мәні де осында.
Құз жартас пайда болған кезде оның бір бөлшегінде белгілі бір мөлшерде радиоак­тивті уран бар екен делік. Мыңдаған жылдар өткенде әлгі құз енді мұхиттың түбіне шөгіп, жанартау кратеріне айналады. Сосын ол терең жер астына сіңіп кетеді де қайтадан жер бетіне лықсып шығады. Бірақ осыншама өзгерістерден өтіп жатқанмен уран атомының ядролары белгілі бір уақытта ғана ыдырайды. Сөйтіп, бірсыпыра өзгерістерді басынан кешкен соң әлгі құздың тасындағы уранның мөлшері кеміп, бірте-бірте қалайының атомына айналады. Бұл үдеріс мүлде баяу жүретіні соншалық, әлгі уранның жартысы қалайыға айналуы үшін бір миллиард жыл керек.
Құз жарқабақтан тәжірибе үшін алынған кішкене тас сынығын өте күрделі де, сезімтал электрон аппаратына салып, егжей-тегжейлі зерттегеннен кейін радиоактивті материал мен қалайының мөлшерін дәл, нақпа-нақ анықтауға болады. Ал бұл құбылысқа қарай отырып өзгерістердің қашан басталғанын, біз зерттеп отырған жартастың қашан пайда болғанын есептеп шығару қиын емес.
Жердің геологиялық тарихына байланысты барлық дәуір тап осылай есептеледі. Өткен ғасырдың елуінші жылдарында тағы бір атом сағаты табылды. Бұл сағат неғұрлым қысқалау кезең аралығын ғана өлшейді, бірақ есебі соншалық дәл. Әсіресе тас болып қатқан денелер мен тірі организм қалдықтарының жас мөлшерін анықтауда теңдесі жоқ құрал. Шамамен 60 мың жылдай аралықты есептейтін бұл сағат көміртегінің радиоактивті түрлерін өлшеуге негізделген.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.