БӘРІНЕН ШЫНДЫҚ ҚЫМБАТ

Құрметті Жамбыл Артықбайұлы!.
Сіздің «Ана тілі» газетінің 2018 жылғы 23-29 тамызындағы санында жариялаған «Атыңды Бұқар қойған сол себепті» атты мақалаңызды оқып шықтым. Әрине, даңқты атамыздың атағын шығару үшін зерттеу жұмысымен шұғыл­данғаныңыз құптарлық іс. Атамыз­дың халыққа жетпей жатқан өлең-жырлары, ақыл-кеңестері әлі де талай жерлерде тығылып жатыр. Тіпті кейбір еңбектерін әркімдер пайдаланып та жүрген болар. Ұлы жыраудың даңқын шығаруда асыра сілтеу болмай, тек шындықтың орын алғаны дұрыс болады.
Әрине, зерттеу, ғылыми дәлелдер табу оңай іс емес.Ол үшін әртүрлі кітаптарға ғана бас имей, мұрағат құжаттарына бет бұрған дұрыс болады. Мүмкін сіз маған: «ақыл үйретіп отырғандай кім едің» деуіңіз мүмкін. Бірақ мен сізге ақыл емес, шындық­тың қайда жатқанын айта алатын тарихшылардың бірімін. Мен осы газетке көптеген күрделі тақырыптарға мақала жариялап, талай тарихтың мұрағаттарда жатқан құпияларын ашып жүрмін… Сондықтан сіздің жазғандарыңызға сын көзбен қарау менің де міндетіме жатады. Мен 20 жыл бойы үздіксіз Ресей мен Қазақстанның 20-дан астам мұрағаттарында болып, мыңдаған құпия құжаттарды алу үшін айлап -жылдап құжаттарды қолмен көшіріп, сондай-ақ өз қаржымды аямай мыңдаған істердің көшірмесін сатып алып талай құпияларды ашқан жанның бірімін. Менің 28 том кітаптарым республиканың барлық орта, жоғары оқу орындарында, қала, облыс кітапханаларында бар. Сіз істеген университетте де бар.

Менің сізден сұрайтыным, бұл айтқандарымды көңіліңізге алмай, ақылды шешім қабылдағаныңыз дұрыс болады. Сіздің атыңызды Мәскеудің 7, Санкт-Петербургтің 3, Омбының, Алматының (Орынбордың мұрағатының түпнұсқасы толығымен Алматыға әкелінген) республикалық, мемлекеттік, Президенттің және ҰҚК, тағы басқа да архивтерден кездестірген жоқпын. Алматының алғашқы аталған мұрағатында ертеректе диссертация қорғау үшін болар аз уақыт болыпсыз. Міне, сол себепті сіз көбінесе Кеңес заманындағы тарихшылардың кітаптарынан, энциклопедияларынан алғансыз. Ол заманда Бұқар жырау, Қазыбек би, тағы басқа даналарымызды көп мақтата қойған жоқ.
Көптеген құпия құжаттар ­Мәс­кеудің Ресей империясының Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясат бөлімінде жатыр. Көшірмесін бермейді. Бүгінгі күні оған бару тіпті қиындап кетті. Ол мұрағатқа бару үшін Ресей президенті аппаратының рұқсаты қажет. Ол мұрағатқа Қазақ­станнан біраз ғалымдар барған. Мысалы, Қасымбаев 399 істің 6-ын, Қойгелдиев – 12, Абуов – 42, тағы басқалары қарап шыққан. Бірақ ештеңе алғандарын жазбаған. Тек «просмотрел» деп қол қойған. Мен де соның бірі болуым мүмкін еді. Бірақ мен оның алдында Омбы архивінде ол қиындыққа кездесіп, одан кейін 7-8 ай ескі словян жазуын үйреніп, арнаулы әліпби жасадым. Оны «Абылай хан» кітабымның 1-ші томынан оқыңыз. Мен бұл мұрағатқа бір күн үзіліссіз 1,5 жыл отырып, 399 істің 271-ін қолмен көшіріп, орыс тіліне аудардым. Артынан қазақ тіліне аударып, кітаптарыма кіргіздім.
Аталған мұрағатта Ғылым академиясынан Мойсеев, ­Матвиевский, ­Сердюк, Семенюк, Басин атты ғалымдар әрқайсысы 5-6 күннен болған. Бір күнде 2000-5000 беттерді шолып қана шыққан. Олар әр хаттың 30 пайызын фотоға түсіріп беруге тапсырыс беріп кеткен (1965 ж). Оны 1,5 жылдан кейін (1967 ж) алған. Ол хаттардың негізінде көптеген кітаптар жазған… Сол кітаптарды біздің ғалымдар негізге алып, талай-талай еңбектер шығарды. Қателіктер өте көп.
Мен мұны неге айтып отырмын. Өзімді дәріптеу үшін емес, олар­дың жіберген қателіктерін сіздер қайта­ламаса екен деп отырмын. Маған жалған даңқ, атақтың қажеті жоқ. Шындық қана керек.
Бүгінде мен Абылай хан, Әбіл­қайыр хан, Әбілмәмбет, Барақ сұлтандар, Қазыбек би, Төле би, тағы басқалар туралы нақты деректерді білемін деп айтсам артық болмас…
Сіз бен менен де әлдеқайда көп білетін тарихшылар, әдебиетшілер, археологтар, мектеп мұғалімдері бар. Оларды да тыңдайық. Қолымыздан келгенше кеуделенбей дәлелі бар шындықты нақты құжаттарға сүйеніп берейік. Біз жай адамдар емеспіз. Ертең жас мамандар, мектеп мұғалімдері: «ана ғалым былай деп отыр, мына ғалым олай деп отыр» деп екі оттың ортасында қалмасын. Сол себепті зерттеу кітабыңыз шындыққа толы болу керек.
Енді мен сіздің мақалаңызға ­кө­шейін. Сіз мақалаңызда былай депсіз:
«1739 жылы Бұқар жырау ­Түркі­станда Әбілмәмбетті қазақтың ұлы ханы сайлап, ақ кигізге кө­терген, алтын таққа отырғызған ұлы тойға қатысты. 1939 жылдың жазында Әбіл­мәм­беттің хан сайлауын Телікөлде той­ла­ған үлкен жиынға қатысты» депсіз.
Бұл жазғандарыңыз ешбір шындыққа жатпайды. Өйткені Түркістан жоңғарлардың қоластында болатын. Ол еш уақытта ұлы хан болып сайланған жоқ. Орта орданың ханы болып есептелді. Негізгі істі оның рұқсатымен Абылай сұлтан жүргізді. Сол жылы қызын Қалдан Сереннің ұлына қалыңдыққа берген болатын. Соны пайдаланып, Түркістанды өзіне қайтарып алу ниетімен: «Қалдан менің құдам, маған ештеңе істей қоймас» деген ойын Ұлытаудағы Қазыбек би мен Барақ сұлтанға айтады. Оның бұл ойын Қазыбек би қолдайды.
Түркістанда ол кезде Қалдан Серен Сәмеке ханның ұлы Сейтті хан қылып сайлаған-ды… Бірақ ол маскүнем, халыққа жайсыз болған. Халық Әбілмәмбеттің келуін қалайды. Осыдан кейін Әбілмәмбет Ұлытаудан Түркістанға атпен 20 күнде жетеді. Бұл туралы Мәскеудің жоғарыда аталған мұрағатта былай депті ( Қор 122 тізім 1 іс 3-102-103 беттерінде). Дәлелді болу үшін мұрағаттағыны орыс тілінде берейін (Доклад от 25 сентября 1743 г):
«…Абулмамбет хан стал подъезжать то ему такая отъ оного встреча учинена, почти ни единого человека в городе не осталось в которой был и имевшейся тут Сейт хана определенной от зенгорскою владеьца Галдан Чирина Шемяки хана (Сәмеке) сынъ, а ему Абулмамет хан брат двоюродную.Причем церемонию сделали играючей медной трубы имеющаяся у них по их манеру которые длиною сажени (73 см) …………., а сверх того подвели ему на поклонъ три коровы обернув по их манеру круг его хану трижды въ знак весьма радостного его приему так разорвали что не допустя зарезатъ до живыхъ. Всяки кто что захватить мог. Чрезвычайным друг друга утеснением,что оставя хан приехалъ в город………… и тако он Абулмаметъ хан в тотъ Туркестан весьма желательно и великою радостью отъ тутешних жителей принятъ» (мен үш сиырды тірідей талап парша паршасын шығарғанын былайша түсіндім. Біріншіден, Әбілмәмбет үш орданың (мұрағатта жүз деген сөз жоқ) халқы бірікпесе жоңғарлар біздерді дәл осылай жоқ қылады. Ал, екіншіден, үш орданың халқы біріксек жоңғарларды дәл осылай құртамыз дегендері болар). Потом Туркестанскими жителями сделано собрание. Наконец сошедшее вышеупомятую главную мечете при калмыцком управлении кои от Галдан Церена находится тутъ для всех ихъ калмыцких 2 человека командировать согласились. На том чтобы им до определения Галданъ Чирином ханствовать обоим».
Сейт хандықты бергісі келмей Әбілмәмбетті өлтірмекші болады. Оны халық қорғап қалады.
Бұл мұрағаттың тілі. Көріп ­отырсыз, Әбілмәмбет қазақтың бас ханы болған жоқ. Сондықтан Бұқар жырау атамыз ол кезде Түркістанда болуы мүмкін емес.
Келесі бір жерде былай депсіз: «1741-1743 жылдардағы қазақ-қалмақ шайқасы кезінде Бұқар жырау Әбілмәмбеттің жанында болып…». Мұның қисыны жоқ екенін түсіндіңіз ғой. Әбілмәмбет Қалдан Серенге бағынды. Оның айтқанын екі еткен жоқ. Орта орда хансыз қалды. Абылай тұтқында болды. Әбілмәмбетті әрі құттықтап, әрі ақыл айту үшін Төле би келіпті. Аталған мұрағатта мынадай хат жатыр (қор 122 тізім 1 іс 3:). «…в другой месяц приезжалъ в Туркистан из Большой Орды (мұрағатта Ұлы жүз деген сөз жоқ) знатнейший кайсаченин Тюля би, которой и в Ташкенте больше ХАНА считается для свидания с ним Абулмаметом ханом. По приезде с ним Абулмамету советовал найболее о том и утверждал его дабы кайсаки от Российского государства не ­отстовали……. зенгорских калмык не надеялись, но больше опасались. Ибо от них добра не будет». Төле би оған Ташкент пен Түркістанның арасындағы әскерге қарсы күш жинап қуып шығуды ұсынды. Әбілмәмбет Қалдан Сереннен қорқып, оның ұсынысын қабылдамады.
Кітабыңызда тағы да бір қисынсыз ойыңызды білдіріпсіз (Әрине, ол сіздің ойыңыз емес. Оны әртүрлі кітаптардан, әңгімелерден алғансыз). Онда былай депсіз: «Бұқар жырау Түркістанда болып, елдің басын құрап, Абылайды тұтқыннан босату мәселесімен айналысты. 1943 жылы Нияз аталық, Қаз дауысты Қазыбек, Малайсары батыр бастаған қазақтан 300-дей адам қалмаққа елшілікке барып, Әбілмәмбет баласы Әбілпейіз сұлтанды аманатқа тапсырып Абылайды тұтқыннан босатып алды».
Міне, бұл да ешбір дәлелі жоқ, халық арасына тараған аңыз. Аталған мұрағатта ешбір дау туғызбайтын дерегі бар құжаттар жатыр. Біріншіден, ­Абылай сұлтанды ешкім де босатып алған жоқ. Бұқар жырау атамыздың бұл жұмыспен айналысуы мүмкін емес. Ал Қазыбек бидің 20 жылдан астам Ресеймен де, Абылаймен де қарым-қатынасы болған жоқ. Қазыбек бабамыз ақыл-кеңес айтумен қоса қолына қару алып қалмақтармен соғысуда болды. Оның Абылайды тұтқыннан босатуға ешбір қатынасы болған жоқ. Сіз Қазыбек бабамыз туралы қомақты кітап жазып, атамыздың басында болмаған жағдайларды үйіп-төгіпсіз. Сізден көріп жазушыларымыз да бөстіртіпті. Көркем әдебиет те жазушының өз еркінде. Ал ­тарихи кітаптарға дәлелі жоқ ойларды жазу Қазыбек бабамызға жасалып отырған қиянат болып саналады.
Өткен жылдары «Ана тілі», «Қазақ» газеттерінде бір тарихшы Абылай ханды 90 бимен барып Төле би шығарып алыпты деп жазды. Екінші бір ғалым 35 бимен барып, Қазыбек би шығарып алды депті. Екеуінің де дұрыс еместігін дәлелдеп мақала жаздым. Бірінші автор ақылды азамат екен, мойындап кешірім сұрады. Екіншісі үнсіз қалды. Ол газетті оқымағанға ұқсайды. Ол мақаланы сіз де оқымаған сияқтысыз.
Менің бұл айтып отырғаным бос сөз болмас үшін аталған мұрағаттан алынған деректерге тоқтайын. Мәскеуде Ресей империясының Сыртқы істер министрлігінің сыртқы саясат бөліміндегі құжатты орыс тілінде берейін (Қор 122 Тізім 1 ІС №3 1763 г. ):
«…Оной Қазыбек би коему уже от роду девяносто шесть лет. Потому знатным и сильным в Средней Орде почитается, что во многолетием Аргынском роду Каракесецком улусе или судьями и что в Аргынском роде весьма редко кто из султанов и старшины выбираются. 2-ОЕ на вопрос генерал майора: Зачем оной Казыбек Би как он издавно со своими улусными людьми в Россииском ея императорского величества поддонстве состоит, после того времени нигде ни в Оренбурге и так здешним россииским крепостям для подкрепления своей подданнической должности к присяги не приезжал?
Объявил как тому ныне с уже двадцать лет Абулмамет хан и Абылай султан и протчими киргизскими старшинами призваны были в Орскую крепость к господину действительному тайному советнику Кавалеру Неплюеву для учинения ея императорскому величеству блаженной вечной славы достойные памяти государыня императрицы ­Елизавете Петровне присяге тогда он сам за имеющихся у них в тогдашнее время бывшим зенгорским владельцом войною не был, но послал тогда при Абулмамет хане Аблай салтане со своим письмом от Аргынского роду несколько старшин. Однако те старшины не от Абулмамет хана ни Аблай салтана по их завистною обхождению к помянутому господину действительному тайному советнику Неплюеву не допущены».
Міне, осындай жағдайда Қазыбек би Абылай ханды қалай босатып алған болар еді? Мені менсінбей, менің «Абылай хан» атты үш томдық кітаптарымды біле тұра менмендікке бой беріп, кітаптарымның бетін ашып көрмеген ғалымсымақтарға не деуге болады? Қалайда шындық жеңеді. Енді Абылай сұлтанның тұтқыннан босап шығуына кімдердің еңбегі бар екендігіне байланысты аталған мұрағаттың келесі құжаттарымен таныстырайын. Негізінде, Абылай сұлтанның тұтқыннан босап шығуына үш түрлі себеп болды. Біріншіден, 35 бимен барған Степногор болыс басқармасының болысы Ақшора бидің баруы көп көмек жасады. Екіншіден, көптеген ғалымдардың мойындағылары келмейді, бірақ ол Неплюевтің Миллер арқылы жіберген хаты да Қалдан Серенді ойландырды. Ең бастысы – Абылай сұлтанның өз ақылдылығы арқасында Қалдан ­Серенмен тіл табысқандығы. Қалдан Серен де ақылды хан болған. Оның қазақ халқының келешек ханы Абылайдың болатынына көзі жетті. Ол қалайда қазақ елімен ­достасуды, тіл табысуды ойлады. Сол себепті өзінің қарындасы Тойшыны Абылайға қосты. Одан атақты Қасым хан, одан ­Кенесары дүниеге келді. Енді мұрағаттағы хатпен орыс тілінде танысайық:
«Оренбургского драгунского полка подпоручик Дмитрий Гладышев канцелярию секретно обявил (менің «Абылай хан» кітабымның 3-ші томы 202 бетінде) Оные киргиз казаки разговаривали, что как вышеписанной Акчора би (керей) зенгорскою приезжал. Та зенгорскою владелец Галден Церен взятому зенгорским войском в плен киргиз кайсацкой владелец Аблаю Салтану приказал руки, ноги расковать. По отъезде его Акчора руки у него Аблай Салтана расковали, а брата его Аблаева отпустили в киргиз кайсаки обратно. И говорят что ежели он Акчора и калмыками тремя человеками и зенгорской владельцу возвратится и требуемые в аманаты десять семей и вора Карасакала приведут тогда и киргиз кайсацкие пленники от зенгорцев отпустится».
Осыдан кейін Абылайға жеке үй тігіп тұтқында ұстады. Абылай жасырын хаттарын Күлсары, тағы басқа да билерге жіберіп, ешкімнің балаларын аманатқа бермеуін талап етті. Ол өзінің ақылды әдістерімен Қалдан Серенді біртіндеп көндіріп, өзінің жай адам еместігін дәлелдеп, оның сеніміне кірді. Қалдан Серен оның қабілетін, ақылын бағалап, оған қарындасын тұрмысқа берді. Өзін босатып, оған сыйлыққа Ташкент, Түркістанды берді. Бірақ ол қалалар қалмақтың жері болып есептелді. Абылайды құрметпен шығарып салады. Сонымен, Абылай сұлтанның тұтқыннан шығуына Қазыбек бабамыздың да, Бұқар жыраудың да, Малайсарының да, басқа батыр, билердің қатыстары болған жоқ. Оны сіз мойындамай жүрсіз. Неге? Түсінбеймін. Нағыз ғалым қателігін мойындайды. Құр айтыстан ештеңе өнбейді. Келешек ұрпақтарымызға шындықты ашып айтуымыз керек. Біз неге Керей Ақшора биді мадақтамаймыз? Неге оны зерттемейміз? Ол да осал адам болмаса керек. Барлық даналықты Төле би, Қазыбек би аталарымыздың басына үйіп-төге бермейік. Басқаларға да жол ашайық.
Келешек кітабыңызда тағы да бір үлкен қателік кетіп барады. Ол ­Даваци мен Амурсанның қазақ жеріне қашып келген кезі және Абылай сұлтанның ерлігі туралы. Сіз былай суреттепсіз: «1952 жылдың шілде ­айында Әбілмәмбет ханның ордасында қазақ саясаткерлері қайткен күнде де ­Даваци (Лабаши) мен Амурсанды Лама Джоржға бермеу керек деген шешімге келді. Бұқар жырау, Қанжығалы қарт Бөгенбай, Жәпек батыр, Ералы сұлтан бастаған жиналыстағы елу шақты адаммен бірге Абылайды қуаттап шықты». Бұл туралы Вельяминов-Зерновтың кітабына тоқталайық. Ол анық мұрағат деректеріне сүйеніп жазылған кітап. Ол Санкт-Петербургтің орталық кітапханасында жатыр. Мен оның көшірмесін сатып алдым. Соған сүйеніп мыналарды айтайын. Біріншіден, Даваци Әбілмәмбеттің ордасына емес (Түркістанға емес), Абылай сұлтанның қонысына таяу жерге келген (Орта Ордаға). Екіншіден, жиналысқа Бұқар жырау, Қанжығалы Бөгенбай шақырылған жоқ. Қатынаспаса да Бөгенбай батыр оны қолдап хат жіберді. Үшіншіден, Абылай сұлтан съезді Ұлытауда өткізді. Оған 74 сұлтан мен билер қатысты. Төртіншіден, Әбілмәмбет хан, Малайсары Давациді Джорджыға қайтарып беруді талап етті. Енді Емельянов-Зерновтың кітабынан үзінді келтірейін:
«…Однако вступать тотчас же прямо в открытую войну с Чунгарами сказалось Аблаю опасным. Он знал, что Лама Джорджа, еще могущественный, и не замедлит потребовать выдачи ­беглых князей, а в случае отказа напасть на него с оружием в руках. Боясь неравной борьбы, Аблай решился предупредить его. Он отправилъ джордж двух Киргизов и велел сказать владельцу, что Даваци с товарищами прибыл Орду самъ, а не по чьему призыву, и что по этому Чунгарам не следует иметь подозрения ни на него Аблая, ни на прочих киргизов, из которых ни один не желает заводить вражды и не сог­ласия из-за Давация. Обезопасив себя некоторым образом со стороны Лама Джорджи, Аблай стал теперь принимать более длительное участие въ делахъ. В это время прибыли послы Лама Джорчжи. Джунгарский владелец требовал настоятельно у Киргизов выдачи князей. Требование это встевожило Аблая. Из собственной выгоды,он не должен был выпускать их из рукъ своих. К этим личным видам присоединилось еще, как он сам говорил,чувство признательности к Давацию, который оказал ему немало услуг в то время, когда он жил в плену. въ Джунгарии. Но отказ Джорджъ мог повлечъ за собою пагубные последствия для Орды, которых Аблай не был в силах отвратить без помощи остальных султанов и Киргизов. А в расположении их он не был еще вполне уверен. С этою целью решено было составить общий съезд знатных Старшин не только Средней Орды,но даже Большой и Малой, при урочище Улытау. На совет звали и Нуралы хана, который через то самое, поставлен былъвъ неприятное положение.Не ехать значило как бы отказаться от участия в делах Средней Орды и утратить на нее часть своего влияния. С другой стороны он знал. Что правительство встревоженное ­происшествиями въ Джунгарии, с трудом согласится отпустить его на съезд. В нерешимости своей он вздумалъ хитростью выманить у начальства дозволение, и уверял Тевкелева, что съезд делается для окончания ссоры его съ детьми ­Барака и другими киргизами за убийства Абулхайыр хана, но хитрость не удалось ему Тевкелев отказал Нуралию и хан принужден был остаться, однако как говорил дядя его Мурзатай, приезжавщий в Оренбург, он не замедлил послать на совет вместо себя своего брата Иралы султана.
Наконец предположенный совет действительно состоялся въ Средней Орде. На него съехалось человек до 70 (Басқа хатта 74 Б.Н.). Старшин родовъ: Наймановского, Увак Гирейского и Басентиинского. Абулмамбет хан по приглашению приехал из Туркестана.
Явился в этом случае как и следовало ожидать, жарким защитником Чжунгарского владельца Дорджя уделом своимТуркистаном, которым он правил, как вассаль Лама Джорчжи, бессильный Абулмамбет настайвал на выдаче князей и утверждал что отказом Киргизы могуть навлечь на себя страшные беды и несчастья. Слова его не произвели никакого впечатления. Все старшины, во главе который стоял АБЛАЙ, решили единогласно не выдавать беглецовъ, толкуя, что Даваци знатнее всех Князей Джунгарских и достоин всякого уважения. Со временем, говорили они он больше, видели настоящий владелецъ может принести пользы киргизам.
Впрочем нельзя не сознаться Аблаю, только он один, по сильному влиянию своему Средней Орде, мог это сделать. Конечно, многие старшины по ненависти къ Джунгарам были рады случаю отомстить имъ, но были то же некоторые которые из частных, выгодъ или личных опасении гнева Лама Джорджи готовы были отдать Даваци, тем более владелец действовал хитро. В числе посланных его былъ живущий при дворе его, по доброй воле, сынъ одного знатного Киргизского Старшины Япакъ Батыра, которой пользовался особенным уважением Лама Дорчжи и былъ даже пожалованъ им Тарханы (показ. Яковлева 3 декабря 1752 г.). Лама через сына строго приказывал отцу выдать беглецов. Тогда Япак Старшинами своего рода, Абулмамед хан и еще один знатный Старшина Малай-сары, составили сильную партию и согласились отдать Давация и его товарищей. Много забот и стараний стоило Аблаю расстроить этот опасный союз склонить на свою сторону Япака, который наконец, боясь досадить ему решился отказаться от своей мысли. Даже, чтобы отделить от себя всякое подозрение Султана, онъ расстался с Малай Сарием и прикочевал ближе к Аблаю».
Міне, бұдан басқа да деректер жеткілікті. Бірақ оларды жаза берудің қажеті бола қоймас. Осы деректер сіздің көзіңізді жеткізеді деп ойлаймын. Мені республикада сізден басқа ғалымдар мойындайды. Менімен санасады. Менің бар жан-тәніммен мұрағаттарда жасаған еңбектерімді бірнеше ғалымдар арнаулы тексеруден де өткізіпті. Сол ғалымдардың бірі атақты, өте әділетті ғалым маған жазбаша түрде мынадай өз ойын қалдырыпты. Мен мақаламды сол ағамыздың пікірімен аяқтайын. Тұрсынбек Кәкішов аға былай депті:
«Бөке! Мен 40 жылдай архивтерге барып жүрген ғалыммын. Біз оқу орнында қызметтеміз ғой, сол себепті жылына ең көбі 2 айдан артық алыс қалалардың архивтеріне бара алмаймыз. Онда да жылда емес. Қаржы да бермейді. Маған сен туралы бір топ ірі ғалымдар тапсырма берді. Өзім Қазан қаласына архивке бара жатыр едім. Олар сені «Коммерсант, қалтасы толған ақша. Архивтерге өзі барып жүрген жоқ. Біреулерді жалдап жүр. Кітаптарды да солар жазады. Осы жігітті тоқтату керек» деген соң Мәскеудегі мұрағаттарға барып тексердім. Олар мені таңғалдырды. Сені «Адам емес, робот болуы керек. Таңертең келгеннен соңғы қоңырауға дейін орнынан тұрмайды. 8 сағат жазумен шұғылданады. Темекі тартпайды, түскі асқа бармайды. Ұлы сөзде ұяттық жоқ, тіпті дәретханаға да бармайды. Ескі славян тілінде жазылған құжаттарды өте сауатты аударады. Біз әдейілеп тексердік» деп жауап берді. Мен саған ризамын. Мен 40 жылда 80 ай архивте болсам, ол 8 жыл өмірім архивке кетті деймін. Ал сен 15 жылдың 12 жылын ешбір үзіліссіз мұрағаттарда болыпсың. Дәл мұндай уақыт мұрағатта болған ғалымдар өте сирек болар. Табыс, бақыт тілеймін» деген еді.
Мұны мақтан үшін айтып отырған жоқпын. Менің де халқымыздың тарихын зерттеуде еңбегімнің аз емес екендігін түсініп беріп отырған кеңесіме құлақ салар деген ниетпен айтып отырмын.
Ісіңізге сәттілік тілеймін!

Болатбек Нәсенов,
тарих ғылымының докторы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.