«Асуды бағындырған – арулар»

8 наурыз – Халықаралық Әйелдер күні мерекесіне орай Түркістан облысының ақпараттандыру, мем­лекеттік қызметтер көрсету және архивтер басқармасының және Мемлекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету сала­лық кәсіподағының Түркістан облыстық филиалының бірлесе ұйымдастыруымен «Түркістан облы­сының қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві» мем­лекеттік мекемесінде «Асуды бағындырған — арулар» атты дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге қоғам қайрат­керлері, Кеңес үкіметі кезінде партия қызметін атқарған ғалым-зоотехник, 92 жастағы тыл арда­гері Н.Н.Лычагина, «Восход» тігін фабрикасының бас директоры Г.А.Байгарина, ҚР Парламент Сенатының депутаты С.Ж.Барахова, Сарыағаш аудан­дық партия комитетінің хатшысы Н.Б.Ташимбетова, А.Т.Хакимова және бірқатар қоғам қайраткерлері мен партия қызметкерлері, архив басшылары, М.Әуезов атындағы ОҚМУ–нің тарих факультетінің студенттері қатысты.
Дөңгелек үстелде басқарма бас­шысы Б.А.Есқараев пен Мем­лекеттік, банк мекемелері және қоғамдық қызмет көрсету сала­лық кәсіп­одағының Түркістан облыс­тық филиалының төрайымы К.А.Есебаева аяулы аналарды мерекемен құттықтап, алдыңғы буын апаларымыз сияқты, Қазақстан мемлекетінің дамуына үлес қосып жүрген бірқатар кәсіподақ мүшелерін Құрмет грамоталарымен марапаттады.
Берекелі шаңырақ иелері, аяулы аналарға арнайы сый-сияпаттар табысталды.
Студенттер аналарға арнап күй­лерін шертіп, әндерін шырқады.

Айгүл Қонақбаева,
Түркістан облысының
қоғамдық-саяси тарихының мемлекеттік архиві кәсіподақ комитетінің төрайымы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.