Мақсат – бәсекеге қабілетті маман даярлау

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Жолдауы «барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құру» міндетін қойып отыр.
Ал жоғары деңгейдегі кәсіби білікті маманды теориялық және тәжірбиелік тұрғыдан жан-жақты дайындаудың маңызы әртүрлі деңгейдегі мамандықтарды игеру ғана емес, ол өте жоғарғы мәдениетті терең интелектуалды еңбек пен техникалық біліктілікті қажет етеді. Осының бәрі және басқа да факторлар жиынтығы қосылып болашақта техникалық білім деңгейі жоғары білікті мамандарды дайындау қажеттілігін туғызады.

Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты – бәсекеге қабілетті маман дайындау. Білім беру жүйесі сабақтастығы негізін білім беру бағдарламалары мен әртүрлі деңгей мен бағыттағы мемлекеттік білім беру стандарттары жүйесінің, олардың әртүрлі ұйымдастыру, құқықтық формадағы, типтегі және түрдегі білім беру мекемелерінде іске асырушы тармақтардың, сонымен бірге білім беруді басқару органдары жүйесінің жиынтығы болып қалыптасуында.
Осы тұрғыдан алғанда арнаулы орта кәсіби-техникалық білім ордаларында техникалық мамандықтар бойынша дәріс беруші жас мамандар негізінен мемлекетіміздің ғылыми-өндірістік өсуінің деңгейіне араласып қана қоймай, өздері де осы көпшіліктің ортасында болып, жаңа идеялармен қаруланған ұстаздар буынын топтас­тырып техникалық прогрестің алға жылжуына атсалысуы қажет.
Орта кәсіптік техникалық білім дегеніміз – бұл мемлекеттік білім деңгейінің қазіргі «алтын ортасы» болып саналады, өйткені жан-жақты тәрбиелі, жоғарғы біліктілікті маман болу, оларды дайындау өте жоғарғы теориялық білімді, жан-жақтылықты талап етеді, ал олар дұрыс болса оның жемісі бүгінгі күнде мемлекетіміздің экономикасының негізін құрайтын өндірістегі жылжытушы күш – маманды, ұйымдастырушыны, басшыны өмірге әкеледі. Сол тұрғыдан да Қазақстан Республикасында орта кәсіби техникалық білім – жалпы білім саласында «икемді – оралымды жүйе» түрінде болуы, ал оның өндірістің барлық сұраныстарына, өзгерістеріне ықшамдалып өзгеріп отыруы да шартты жағдай.
Ғылыми-техникалық үрдістің көптеген жаңалықтарының өндіріске енуі жас маманның жан-жақтылығын, жаңа технологияларды тез игеруін талап етуі – заман талабы. Осы тұрғыдан қарағанда, жас мамандардың дайындық деңгейін өздері қызмет атқаратын ортада тәлімгердің кө­мегімен жетілдіру оларды жаңа идея­лармен қаруландырып, көптеген қиын­дықтарды жеңе біліп, жұмысына деген сүйіспеншілігін оятады.
Педагогикалық технологиялар білім беру аумағына қатысты, егер білім берудің мақсаты – білім жүйелерін меңгеру ретінде анық­талса, онда технологиялар да білім беру сияқты білімнің сапасы мен көлемін игерумен бағаланады. Бірақ әдеттегі білім беру моделінің дағ­­дарысы педагогикалық негізгі кате­гориялардың бірқатар мазмұнын қайта қарауға әкеледі.
Педагогикалық инновация білім берудің негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталуы қажет. Педа­гогикалық технологияның мәні: тұл­ғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуы ретінде қалыптасады, олардың сапасы, мазмұны оқытушының, оқу мекемелері мен бүкіл білім жүйесі жұмысында маңызы зор. Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру оқытушының интеллектуалдық, кәсіптік, адам­гершілік, рухани, азаматтық және басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу, тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастырылуына көмектеседі деп көрсетеміз. Педагогикалық технологиялар теориялық негізде құрылады және оқыту деңгейінің әдістемесі дамыту теориясына негізделсе, ол өзінің ұстанымын содан іздеп табады. Жоғары оқу орнын бітіріп келген жас мамандардың даярлық деңгейін жетілдіру тәлімгердің озық тұлға ретінде білімімен, тәжірибесімен бөлісуі, олардың тәжірибелік дайындығын шыңдап, негізгі қызметінен басқа қоғамның тұлғасы ретінде де тәрбиеленуіне ықпал етеді.
Әрине, оқыту кезінде негізгі тірек ретінде түпкілікті фундаментальды білім берілуі керек, ол өз кезегінде маманға өндірістік қиындықтарды шешу жолында өмір бойы азық болуы шарт. Бүгінгі танда біз инновациялық өрлеудің үрдісін бастан кешудеміз. Оның негізін технологиялық артта қалушылықты жою, негізгі өндіріс көздерін модернизациялау құрайды. Ол өз кезегінде жоғарғы жаңа үлгідегі технологиялар мен озық жабдықтарды өндіріске енгізу, өнім сапасы мен сұранысты арттыруды көздейді. Сонымен қоса бұл мәселені шешуге өндірісті жақсы игере алатын, күрделі техникалық мәселелерді шешетін көптеген мамандар қажет екенін білеміз. Кәсіпкерлікті қолдайтын Мемлекеттік бағдарлама осындай мамандарды дайындаудың инно­вациялық жобаларын өмірге әкелу­ді, ақпараттық, сандық техноло­гия­лардың өрлеуінің іске асуын көздейді.
Осы тұрғыдан алғанда, Алматы мемлекеттік жаңа технологиялар колледжі орта буын мамандарды және жұмысшы біліктіліктерін дайындайтын арнаулы оқу орны болып саналады. Оқу орнында болашақ автокөлік саласының білікті мамандарын дайындау үшін жан-жақты қажеттіліктің бәрі жасалған. Оқушылардың теориялық білім деңгейін тереңдету жағдайында көптеген қосымша факультативтік, семинарлық, тәжірибелік, дәріс түріндегі сабақтар жүргізіліп, жас мамандармен тығыз қарым-қатынаста жұмыс жасайтын тәлімгерлік мектеп жұмысы ұйымдастырылған.
Тәлімгерлік мектептің негізгі міндеті – жас маман мен тәлімгер жұмысының өте жауапты және шығар­машылық кезеңін қалып­тастыру. Өйткені тәлімгер бұл кезеңде жас маманның қалыптасуына, оның кәсіби өсу деңгейіне, жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндіктеріне ықпал етеді. Жас ұстаз шығар­ма­шылық сауаттылығы, тұлғалық ерекшелігіне және тәлімгермен жұмыс жүргізу әдісіне байланысты бір-бірінен өзгешеленуі мүмкін. Бірақ тәлімгерлік мектептің түпкілікті мақсаты, оған қойылатын талаптардың, оның маз­мұ­нының тұтастығын ескеріп, жас ұстаздың тәлімгермен жұмыс істеуі үшін жүйеленген әдістемелік нұсқауды қалыптастыруы көзделген.
Ол жас маманның ғылыми ізде­ністерге барып, ой-қабілетінің өсуіне, жан-жақтылыққа, маман ретінде қалыптасуына ықпалын тигізеді. Осы игі істердің бәрінің басында колледждің зерттемелік-зертханасы мен оқу-өндірістік инновациялық жетілдіру орталығының тұрғанын айту қажет. Оқу процесі аясында зерттемелік-тәжірибе сабақтары осы зертханаларда өндіріс деңгейіне бейімделіп өткендіктен, жас ұс­таздың өзіне де үлкен әсер етіп, бо­ла­­шақта жан-жақты дайындалған, қазіргі өркениетті даму жағдайына бейімделген жас мамандардың білім деңгейін жетілдіруге жол ашады.

Жанат Қуатбеков,
Алматы мемлекеттік жаңа
технологиялар колледжі директорының оқу-өндіріс
ісі жөніндегі орынбасары

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.