Жыр алыбы – сөз арқауы

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің филология факультеті жанындағы  М.Жұмабаев атындағы Әдеби бірлестік, «Алқа» әдеби ұйымы, «Абай әлеміне саяхат» клубының ұйымдастыруымен халық поэзиясының көрнекті өкілі, ақын – айтыскер, жырау – жыршы Жамбыл Жабаевтың өмірі мен шығармашылығына, кезеңі мен қызметіне арналған мәдени-рухани бағыттағы  әдеби – сазды кеш өтті. 

Кешті Әдеби бірлестік жетекшісі, ф.ғ.д., профессор Рақымжан Тұрыс­бек кіріспе сөзбен ашты. Жыр алыбы – Жамбылдың өмірі мен шығарма­шы­лығына, кезеңі мен қызметіне кең көлемде тоқталды. Ақындық өнері, жыраулық қыры, жыршылық сипаттары да жан-жақты ашылды.
«Жамбыл туралы сөз» деген тақырыпта ҚР ҰҒА академигі Сейіт Қасқабасов жан-жақты әсерлі де мәнді әңгіме өрбітті. Әсіресе, жыр жампозының қазақ руханиятындағы орнын, кешегі тарих пен бүгінгі уақыт рухын, кеңестік дәуірдегі болмысы мен дүниетанымын, біліми-ғылыми сипат­тарын ашып, байып­ты баға беріп, естелік-әңгімелермен бөлісті.
Өз кезектерінде филология факультетінің оқытушы – профессорлар құрамы, атап айтқанда С.Жұмағұл, Б.Қорғанбеков, С.Дүй­сенғазы, Д.Кәпұлы, К.Кемеңгер, Т.Ғабдрахман, т.б. өлең-жырдың жампозы Ж.Жабаев жөнінде, оның кезеңі мен заман шындығын, адами мұратын, ақындық өнерін, жыраулық тұлғасын жан-жақты әңгімеледі.
Әдеби кештің өн бойында Ж.Жа­­баев­­­­тың өмірі мен шығарма­шы­лы­ғын арқау еткен ән-өлең, жыр-терме, толғам-толғаулары, бейнекө­рініс­тер кең орын алды. Студент жастар мен магистранттар жыр алыбы – Жам­был­дың шығармашылығынан, әсіресе айтыс өнерін, кинодағы өмірін, арнау мен толғауларын кең түрде ашты. Әсіресе, Н.Ақбабақызы, Ә.Бек­мұ­ханбетов, М.Ділдәхан, Қ.Елбол, Д.Жәлел, Е.Қожахметов, А.Баекенова, Т.Нұхай, С.Рысқұлбекова, Е.Сәдуақас, т.б. арнау айтып, ән орындады. Өлең-жырдан шашу шашты. Жамбыл өмірінен,көркемөнердегі орнынан көріністер көрсетіліп, арнау-толғаулары, айтыс үлгілері , ән-өнері тарту етілді. Әсерлі де қызықты кешті М.Жұмабаев атындағы Әдеби бірлестік жетекшісі, профессор Р.Тұрысбек қорытты.

Дәулет Жәлел,
магистрант

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.