Қарындашты кім ойлап тапқан?

Осы заманғы қарындашты XVIII ғасырдың аяғында француз оқымыстысы Н.Конте ойлап тапты. Қарындаштар қатты, жұмсақ боп екіге бөлінеді. Қатты қарындаштар сызуға пайдаланылады.
Олардың сыртынан Т, 2Т, 3Т деген жазуларды көруге болады. «Т» орыстың «твердый» (қатты) деген сөзін білдіреді, ал 2,3 деген цифрлар қарындаштың қаншалықты қатты екенін білдіреді. Мәселен, «2Т» деген қарындаш жай «Т»-дан қаттырақ, ал – «3Т» әлгі екеуінен де қатты.
Сурет салуға жұмсақ қарындаш қолайлы. Олардың сыртына орыстың «мягкий» (жұмсақ) деген сөзін білдіретін «М» әрпі жазылады. «М» әрпінің қасындағы цифр неғұрлым көп болған сайын, қарындаш та соғұрлым жұмсақ болады.
Суретшілер италия қарындашы деген арнаулы қарындашты пайдаланады. Ол жай қарындаштардан гөрі жуан жұғады, қағаз бетіне жұмсақ қара сызықтар салады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.