Табиғатпен үйлесу

Фотосуреткер қашанда өзінің сәтті кадрын күтумен жүреді. Өйткені ол қас-қағым сәттің бағдаршысы. Су­реттегі бейнелер адамға өз тілі­мен үн қатады. Олардың кейде сыршылдық сипатқа ие болып, классикалық дең­гейге көтерілетіні де содан. Бұл орайда газет оқыр­ман­да­рының назарына таланты әрі жас фотосуреткер – Досжан Балабекұлының бірқатар туындыларын ұсы­нуды жөн көрдік. Досжан бірнеше байқаулардың жүл­дегері. ҚазҰУ-дың журна­листика факультетінің түлегі. Бүгінгі таңда республикалық «Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшесі. Жам­был облысы, Жамбыл ауданы, Ерназар ауылының тумасы (1993ж.). Шығарма­шы­лығының негізгі бағыты – тылсым табиғат. Ол таби­ғаттың лирикалық бояу­­ларын іздейді. Тау-тасты аралап, өзен-көлдерді тамашалап, орман-тоғайларды нысанасына алып, ізденіске толы туындылары арқылы қайталанбас ғажайыптарды қастерлеп, бағалай білуге үндеп тұратындай сезіледі. 

Үшқоңыр жайлауы
Үшқоңыр жайлауы
Тау мен қала
Тау мен қала
Көктөбе: бұлтқа апарар жол
Көктөбе: бұлтқа апарар жол
Ақтау тауы, «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Ақтау тауы, «Алтынемел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Қасымбек сайы
Қасымбек сайы
Түлкі. ҚазҰУ қалашығы
Түлкі. ҚазҰУ қалашығы
Қатутау тауы, «Алтынемел»  мемлекеттік ұлттық табиғи паркі
Қатутау тауы, «Алтынемел»
мемлекеттік ұлттық табиғи паркі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.