Құйылдырдың ағымы

Құйылдырдың ағымдары жер бетінен қанша биіктікте пайда болады деген орынды сұрақ туындайтыны ақиқат. Жыл­дамдығы секундына 100 шақырым жылдамдықтан асатын жел – құйылдыр ағымдардың төменгі шегі – әдетте тро­посфераның үстіңгі шегінде, яғни 6 километрден жоғарыда болады.
Биіктіктегі жел екпінінің ең жоғары мәні көбінесе тропопаузадан 1-1,5 км төменде байқалады. Сондықтан тропосферадағы құйылдыр ағымның өзегі шамамен осы деңгейде, тропопаузаның астында болады деп есептеледі. Алайда, орташа цифрларда бола беретіндей, бұл нақты кездесетін жағдайға үнемі сәйкес келе қоймайды – кейде құйылдыр ағымның өзегі әлі де төмен, яғни тропопаузадан 2-3 км беріде жатуы немесе керісінше, едәуір жоғары, тіпті тропопаузаның үстінде орналасуы мүмкін. Бұл құйылдыр ағым өте күшті (300-400 км/с және одан да артық) және өте қуатты (тігінен 5-6 км және одан астам) болғанда байқалады. Құйылдыр ағымдар стратосферада да кездеседі. Мұнда олардың өзегі әдетте 16-20 км және одан да жоғары биіктікте, жел екпінінің екінші максимумы байқалатын деңгейде орналасады. Тропосферадағы желдің бағыты мен стратосфералық құйылдыр ағымдардың бағыты үйлес келуі мүмкін (бұл көбінесе жылдың суық кезінде болады), бірақ қарама-қайшы түсуі де ықтимал (бұл әдетте жазда болады).

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.