Мәңгілік елдің жастары

Алматы облысы Ескелді ауданында Жастар жылының салтанатты ашылу шарасы өтті.
Шараға аудан әкімі Бағлан Тәнекенов, ардагерлер ұйымының төрағасы Бимұрат Боранбаев және ауыл тұрғындары қатысты.

«Мәңгілік елдің жастары» атауымен өткен форумда еліміздің, ауданның намысын қорғап, қоғамдық жұмысқа белсене араласып жүрген жастар мен мектептің озат оқушылары белсенділіктерін жоғары деңгейде көрсетті. Қонақтарға мектептердің робототехника кабинетінің үздік жұмыстары, суретші Болат Қастер мен қолөнер шебері Рауя Нұртілеудің еңбектері таныстырылды.
Шараның ашылу салтанатында сөз алған Бағлан Сағындықұлы жиналғандарды Жастар жылының ашылуымен құттықтап, аудан жастарының мүмкіншілігін арттыру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы айтты. Аудандық жастар ресурстық орталығының жетекшісі Серік Жолдыбаев жастардың тың ойлары мен айқын мақсаттарын атап көрсетті.
Ауданның белсенді жастарының бірі, «Дипломмен ауылға» бағдарламасының иегері, аудандық орталық аурухананың учаскелік дәрігері Дархан Нұрмадиев өзіне қолдау көрсеткен аудан басшылары мен халыққа алғысын білдірді. Сонымен қатар, бағдарлама бойынша келетін жастардың санын көбейту жөніндегі ұсынысын білдірді.
Салтанатты шара соңында аудандық Мәдениет үйі өнерпаздары өз өнерлерін көрсетті.

Ш.БАТЫРБАЕВ
Алматы облысы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.