Бал арасының пайдасы

Бал арасы ең алдымен бал береді. Қағаз, тоқыма өнеркәсібіне қажетті балауыз да – осы бал арасы еңбегінің нәтижесі. Бал – көп ауруға шипа. Сол сияқты араның шаққаны – ревматизм сияқты ауруларға таптырмайтын ем.
Ол гүлдерді тозаңдандырады, ондағы шаң-тозаңды тазалап кетеді, сондықтан да араны «қанатты агротехник» дейді мамандар.
Бал арасы – гүлге қонуға жаны құмар жәндік. 1 келі бал жинау үшін 19 миллион гүлдерге қонуы керек. Гүлдердің нектарын жинау үшін ара сағатына 6,5 шақырым жылдамдықпен ұшады. Осындай жылдамдықпен ұшқан бал арасы күніне 7 мың гүлді тозаңдандырады. Омарта таяу орналасқан жеміс бағы мен мәдени өсімдіктердің жоғары өнім беретін себебі де осыған байланысты. Мәселен, омартаның қасынан 600 метр арақашықтықта отырғызылған алма ағашынан 252 келі өнім жиналған. Араның балында ағзаға пайдалы 60-қа жуық зат болады. Олар: глюкоза, минералды тұздар, ферменттер, витаминдер, радиоактивті заттар, антибиотиктер және тағы да басқалар. Бал адамның ас қорытатын органдарының жұмысын қалыптастырады. Таңертең бір стақан суға бір ас қасық бал езіп ішкен жақсы. Балды сүт, жеміс тағамдарына қосып жеген өте пайдалы. Халық медицинасында балды сүтке, не майға қосып, өкпе ауруына ішкізеді.

Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.