«БІР АПТА – АУЫЛҒА»

Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру мақсатында Қазақ ұлттық Қыздар педагогикалық университетінің бір топ ғалым-ұстаздары Алматы облысындағы Кербұлақ, Сарқанд, Панфилов және Жамбыл аудандарында болды.

«Бір апта – ауылға» атты экспедицияның мақсаты – аудандағы білім беру мекемелерімен ынтымақтастық орнатып, өңірдегі киелі жерлерді аралап, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын жүзеге асыру.
Экспедиция барысында Қазақстанның 100 киелі орындарының тізіміне енген нысандарға экскурсия жасалды. Шеберлік сабағы өтті. Әсіресе қазақтың көрнекті ғалымы, этнограф, саяхатшы Шоқан Уәлихановтың музейіндегі ұзындығы он, көлденеңі алты метр, 250 келі қойдың жүнінен тоқылған гобелен көпшілікті тәнті етті. Экспедиция аясында өзара тәжірибе алмасып, бұрын көрмеген ою-өрнектермен таныстық. Гобелен жайлы арнайы сабақ жүргізілді. Ою-өрнектің тоқылу әдісіне тоқталып, гобеленде бейнеленген тасқа түскен таңбаларды, атпен шауып бара жатқан жігіттердің суретін бейнелеп, кесте тоқылды.
«Бір апта – ауылға» экспедициясы – Қыздар универси­тетінің қолға алған шараларының бірі ғана. Қыздар тәрбиесінде еңбек пәнінің де өзіндік рөлі зор. Демек, мұндай шаралардың, әсіресе шалғайда жатқан өңірлермен тығыз қарым-қатынас орнатып, өзара тәжірибе алмасуда тигізер септігі мол.

Рахия Дәрменова,
Қыздар университетінің «Кәсіптік білім» кафедрасының меңгерушісі

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.