Ұлы даланың дара перзенті

Алматы қалалық Орталықтан­дырылған кітапхана жүйесінің №4 кітапханасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаевтың ғибратты ғұмыр жолы мен  қайраткерлік қызметінен сыр шертетін «Ұлы даланың дәуірлік тұлғасы» атты кеш болып өтті. 

Шара барысында «Н.Назарбаев – әлем таныған көшбасшы» атты слайд-тұсаукесер, бейнебаяндар дайындалып, «Әлемдік деңгейдегі көшбасшы» атты виртуалды және дәстүрлі кітап көрмесі ұйымдастырылды.
Кешке арнайы қатысқан Алматы қалалық Қазақстан халқы Ассам­блеясының мүшесі, түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Қазақбай Касимов, «Ана тілі» газеті бас редакторының бірінші орынбасары Нұрперзент Домбай,­ Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этно­логия институтының ғылыми қызметкері Қуаныш Мырзақожаев, «Ұлағат» бастауыш партия ұйымы төра­ғасының орынбасары Мейрамгүл Дауленбаева, Өзбек этномәдени бірлестігі жастар қанаты басшысының орынбасары Феруза Сұлтанмұратова және басқалар Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 30 жыл ішінде еліміздің өркендеуіне қосқан қажырлы еңбегі, ғажайып елордамыздың гүлденуіне қосқан үлесі, қайраткерлік қызметі мен сарабдал сыртқы саясаты туралы ой бөлісті. П.Чайковский атын­дағы музыка колледжінің дарынды өнерпаздары Сәрсек Бекзат пен Көштай Бекарыс­ патриоттық әндер орындады. Қазақстан халқы Ассамблея­сының Алматы­ ­қаласындағы әр түрлі этномәдени бірлестіктері жас­тар қана­тының өкілдері: «Нұрсұлтан Назарбаев қашанда біздің Елбасымыз, Тәуелсіз Қазақстанның негізін қалаушы тұлға, елімізде және халықаралық аренада орасан зор беделге ие саясаткер болып қала береді. Біз – Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевты мақтан тұтамыз! Елбасы­мыздың тәуелсіз еліміз бен елор­да­мыздың өркендеуіне қосқан ерен еңбегін ешқашан да ұмытпаймыз» деп ойларын ортаға салды.

Аяулым Жидебаева
Алматы

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.