Әлемде талай қызық бар

Әлемдегі ең биік мешіт Дубайдағы төбесімен көк тіреген биік үйдің үстінде салынған. Ғимараттың биіктігі 800 метрді құраса, ондағы мешіт 600 метр биіктікте орналасқан.
Ал бұған дейін 77 қабаттан тұратын ең биік мешіт – Сауд Арабиясының аста­насы әр-Риад қаласында орна­ласқан. Мешіт жерден 180 метр биіктікте салынған.
Әлемдегі ең биік тау – Гималай, оның биік шыңы – Джомолунгма (Эверест) шыңы. Оның биіктігі – 8850 метр. Қытай аумағында орналасқан. Тауды ең бірінші өлшеген – Жорж Эверест.
Әлемдегі ең биік ғимарат Дубайда орналасқан. Біріккен Араб Әмірлігінің президенті шейх Халифа бен Заид ән-Нахайанның құрметіне «Бурж Халифа» деп аталған нысанның биіктігі 825 метрге жетеді. Әлемдегі ең биік және ең көп қабатты құрылыс саналады.
Әлемдегі ең қымбат қонақүй – Дубайдағы «Bur Аl Arab» қонақүйі. Ондағы бір күн түнеу үшін ең төменгі баға – 770 еуро, ең қымбаты – бір түн үшін 7700 еуро.
Әлемдегі ең қымбат кітап – ұлы суретші Леонардо де Винчидің «Лестерский кодекс» атты еңбегі. Суретші 1506-1510 жылдары айналасындағы табиғаттағы өзі байқаған құбылыстарды жазып отырыпты. Бұл кітапты атақты миллиардер Билл Гейтс аукционда 31 миллион долларға сатып алған.
Әлемдегі ең қымбат картина – Питер Рубенстің «Сәби­лерді азаптау» полотносы 2002 жылы 73,5 миллион еуроға сатылған.
Дүниежүзіндегі ең қымбат сауда маркасы – Coca-Cola. Оның құны 68,9 миллиард долларды құрайды, бұл дегенің – сол сусын фирмасының 60 пайыздық құны деген сөз.
Канадада радиодан берілетін әрбір бесінші ән Канада сазгерінікі болуы шарт. Нью Брунмвикте көшеде көлікпен жүруге қатаң тыйым салынған. Ел астанасы Оттавада жексенбі күні балмұздақ жеуге болмайды.
Данияда әрбір көлік жүргізуші көлігін оталдырып, жүріп кетпес бұрын жан-жағын байқауы керек. Сонымен қатар көліктің астында біреу-міреу жатпағанына көз жеткізуі шарт.

Әзірлеген Нұрлан ҚҰМАР 

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.