Қылқаламмен өрнектелген өнер

Алматыдағы «AspanGallery» атты өнер галереясында қазақстандық суретші Нұрахмет Нұрболдың «Мүшелеу» атты дербес көрмесі өз жұмысын бастады. Экспозиция автордың соңғы бірнеше жыл белсенді жұмыс және ізденіс нәтижесінде түрлі техникаларда орындалған шығармаларын қамтиды.

Жүргенов атындағы Қазақ ұлт­тық өнер академиясының және Сан-Франциско университетінің Өнер академиясының түлегі Нұрахмет Нұрбол Орта Азияның қазіргі ­заман суретшілерінің арасындағы жас ұрпақтың нағыз дарынды өкілдерінің бірі. Өз шығармашылығында ол ­фотосурет, бейне және тікелей әсер ететін фотосуретті күнделікті қолдану мәнмәтінінде кескіндеме, коллаж, ­сурет және литография сияқты дәстүрлі техниканы пайдалану арқылы, өнердің өзгеше түрін ұсынып отыр.
Көрмеде ұсынылған серияларында Нұрахмет өзін толғандыратын мәселелер спектрінің өзінше визуал­ды талдама жасауға талпыныс жасайды. Талдау әдісі ретінде суретші мағыналарды, бейнелерді, сезімдерді фрагменттеу, мүшелдеу, коллаждауды пайдаланады.
«Нұрахметтің бірінші көрмесі ұйымдастырылғаннан бері бес жылдан аса уақыт өтті. Ол кезде суретші оқуын енді бітірген, сондықтан оның Қастеев мұражайындағы көрмесі студенттік кезеңнің аяқтағандай болды. Біз ұйым­дастырған «Мүшелеу» көрмесінде кескіндемеде, коллажда, графикада немесе басқа суретшімен жүргізген диалог-кітап ретінде өз ойын білдіріп, қазіргі заман мәселелерін зерттейтін кемеліне келген суретшіні көріп тұрмыз. Көрмеге арнап қылқалам иесі автолитография тұтас сериясын дайындағанын атап өту қажет. Бұрын қазақстандық суретшілер бүкіл КСРО-ға өздерінің баспаграфикасымен әйгілі еді. Өкінішке қарай, бүгінгі күні бұл техника өнердің шетінде қалып, тіпті жоғалып кетуге жақын деуге болады. Суретшілер дәстүрлі техниканы пайдалана білгені және өзекті мәселер көтере алатыны қандай тамаша» деді «AspanGallery» негізін қалаушы Меруерт Қалиева.
Көрмеде қазіргі заман жаһанды проблематикасы мен мәтініндегі қазақ мәдениетінің тағдырына қатысты ойға жетектейтін жұмыстары ұсынылған. «Абайдың бөлмесі» (2018) Еуропа және Ресей тарихынан алынған классикалық өнердің көптеген бейнелерімен түрлендірілген. Мұнда тар жерде бутафориялық қоймадағыдай Қазақстанның мәдени дамуына ықпал еткен немесе одан әрі ықпал ететіндер қоймаға жинастырылған.

Нұрлан ҚҰМАР

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.