Климаттың айрықша сипаттары қандай?

Климат континенттілігінің негізгі сипаты – қыстағы және жаздағы температура айырмашылығының тым алшақтығы.
Қоңыржай ендіктердегі конти­нентті климаттың айрықша бір белгісі – қысы тым қатал келеді де жазы теңіз жаға­лауларындағы немесе мұхит арал­дарындағы жазғы климатпен салыс­тырғанда едәуір ыстық болады. Климат континенттілігінің екінші бір айрықша сипаты – жауын-шашынның шектеулі болуы және кейбір маусымда немесе кейде тіпті жыл бойы оның жетіспеушілігі. Дегенмен, жауын-шашынның түсуі – климат континенттілігінің басты белгісі емес, жер бедері мен атмосфера ағымының ерекшелігі жауын-шашынға және температура режиміне елеулі түрде әсер етіп, белгілі бір аумақтағы ауа райына тән жалпы жағдайды едәуір өзгертіп жіберуі де мүмкін. Ішкі континентті аймақтардағы тау қойнауларында кейде жауын теңіз жағалауларындағыдан көп жауады, сондай-ақ мұхит жағалауында жатып құрғақшылық көретін жерлер де бар, мәселен, Чилидегі Атакама шөлі осындай – оның жаға­лауымен ағатын Перуан суық ағысы жаздың ыстығын басады да, жыл бойғы температураның ауытқу шегін 5-6 гра­дус асырмайды, сөйтіп антициклондық ауа ағымы басым бол­ған­дықтан және оңтүстік-батыс белдеулердің аңызақ желі ұдайы азынап тұратындықтан жауын-шашын тіпті мардымсыз болады.

Оқи отырыңыз... Авторлық мақалалар

Пікір қалдыру

Сіздің E-mail-ңыз жарияланбайды.